Атамекен ауылдық округі әкімі сайлауына 4856 сайлаушының 2488 сайлаушы қатысып өз таңдауын жасады. Атамекен ауылдық округі әкімдігіне тіркелген кандидат өзін өзі ұсынған Есалиев Берикжан Бахтиярулына - 29 дауыс, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған Жандаров Ербол Кыдыровичке 882 дауыс, өзін өзі ұсынған Муташов Шынболат Кындыбайұлына 1307 дауыс, өзін өзі ұсынған Мырзантегі Марғұлан Серікбайұлына 18 дауыс, бәріне қарсы 4 дауыс берілді. Басым дауыспен өзін өзі ұсынған Муташов Шынболат Кындыбайұлы Атамекен ауылдық округі әкімі болып сайланды.