Анонс

Ү.ж. 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Түркістан облысына жұмыс сапары болады.

Жұмыс сапары шеңберінде Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің келесі кездесуі жоспарланып отыр:

1) ү.ж. 28 ақпанда сағат 10.00-де саяси партиялардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен сайлау процесі мәселелері бойынша кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Түркістан қ., Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Б. Саттарханов даңғылы 29.

2) ү.ж. 28 ақпанда сағат 15.00-де Түркістан облысының жастарымен кездесу.

Кездесудің өтетін орны: Түркістан қ., Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», Б. Саттарханов даңғылы, 26б құрылыс.

Аталған іс-шараларға БАҚ-ты аккредиттеу 2022 жылғы 27 ақпан сағат 19.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) +7 775 333 77 85; +7 701 777 97 93; +7 (7122) 27 09 69 телефондары арқылы жүргізіледі.



Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz

Дата публикации
25 февраля 2022