Қосымша
Облыс әкімі аппарат басшысының
2021 жылғы 5 ақпандағы № 3-н/қ бұйрығына
Түркістан облысы әкімі аппаратының азаматтарды қоғамдық қабылдау – «Ашық әкімдік» фронт-офисінің
Регламенті
Жалпы ережелер
- Түркістан облысы әкімі аппаратының азаматтарды қоғамдық қабылдау – "Ашық әкімдік" фронт-офисінің (бұдан әрі – Фронт-офис) регламенті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарына, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 7 желтоқсандағы «Түркістан облысы әкімі аппаратының лауазымды тұлғаларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы» №247 қаулысына, Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің ережесіне және Түркістан облысы әкімдігінің Фронт-офисінде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізу тәртібін .
- Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) лауазымды тұлғаларымен және
21 облыстық Басқарманың кеңсе өкілдерінен құралған Бірыңғай кеңсе қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін 16 облыстық басқарманың қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес беруді жүзеге асырады.
- Фронт-офис өз жұмысында облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың аудандары мен қалаларының әкімдерімен, әкімдіктің облыстық басқармаларымен, сондай-ақ облыстың тиісті мемлекеттік органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
- Фронт-офисте ақпараттық стенд орналастырылған, онда:
лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, қабылдау күндері мен кестесі қазақ және орыс тілдерінде көрсетілген;
Түркістан облысының облыстық басқармалары басшыларының аты, тегі, әкесінің аты, байланыс телефондары, Түркістан облысы мемлекеттік органдарының заңды мекенжайлары орналастырылған.
- Фронт-офиске басшылықты бөлім басшысы - облыс әкімінің кеңесшісі жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалардың өкілдердін қабылдау тәртібі
- Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, ал, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүргізіледі.
- Азаматтарды қабылдау күту залында орналасқан электрондық табло көрсеткіштеріне сәйкес кезектілік тәртібімен жүргізіледі.
- Ұлы Отан Соғысына қатысушыларды, оларға теңестірілген адамдарды, «Алтын Қыран» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдарды, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді кезектен тыс қабылдайды.
- Қабылдау өтініш берушінің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
- Фронт-офис Ресепшні:
келушілермен кездесу және сыпайы түрде келушінің сұрағының шешімін түсіндіру және оларды тиісті маманға жіберу.
- Фронт-офис маманы:
өтініш беруші осы мәселе бойынша бұрын өтініш берген-бермегенін анықтайды;
ұсынылған құжаттар пакетінің олардың атауына және өтініште көрсетілген санына сәйкестігін айқындайды;
өтінішке тіркеу нөмірін береді;
өтініш берушіге тіркеу талонын береді;
өтініш берушінің деректерін электрондық құжат айналымының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізеді;
өтініштерді қарау үшін құжаттарды орындаушыға жолдайды.
Өтініш беруші маманның түсініктемелеріне қанағаттанбаған жағдайда тиісті басқармалардың басшылары шақырылады. Басқарма басшылары сол жерде өтініш берушімен жеке қабылдау өткізеді.
- Өтініш беруші бұрын берген жазбаша өтінішінің мәселелерін қарау бойынша жүгінген кезде бөлім маманы оны хабардар етеді және қажеттілігіне қарай тиісті органның орындаушы қызметкерлерін жүгінген адамға кеңес беруге тартады.
- Облыс әкімінің қабылдауына жазылу өтініш беруші көтерген мәселелерді аудан, қала әкімдері, облыстың тиісті басқармаларының басшылары, Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары қарағаннан кейін жүзеге асырылады.
- Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш оны берген адамға қараусыз қайтарылады.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
- Мәселені дереу қарауды талап ететін күрделі сипаттағы жағдайда, Фронт-офис маманы өтініш берушінің мәселесін объективті және жедел шешу үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, облыс басқармаларының жауапты қызметкерлерін шақырады.
Материалдық және техникалық қамтамасыз ету
- Ғимаратқа кіре берісте «Ашық әкімдік» маңдайшасы, Фронт-офистің жұмыс кестесі, Call-орталықтың және сенім телефондарының нөмірлері орналастырылады.
- Фронт-офистің күту залы кезектілікті сақтау үшін электрондық таблолармен, жұмсақ жиһазбен, жауаптары көрсетілген жиі қойылатын сұрақтар бойынша ақпаратты қамтитын ақпараттық «дүңгіршектермен», түрлі тақырыптық бейне-роликтер көрсетілетін смарт-теледидар: жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша, Түркістан қаласын дамыту, Түркістан облысында туризмді дамыту туралы, түсіндіру сипатындағы роликтермен және әлеуметтік роликтермен жабдықталады.
- Өтініштерді қабылдау ғимараты жиһазбен және құрал-саймандармен жабдықталған, компьютерлік техника және ұйымдастыру техникасы құралдарымен, Интернет желісіне қолжетімділікпен, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
- Ғимарат ауаны баптау жүйесімен, өртке қарсы жүйемен және бірінші кезекте қажетті дәрілік препараттары бар дәрі қобдишасымен, байланыссыз санитайзерлермен, ауыз су диспенсерлерімен және бір рет қолданылатын стақандармен жабдықталады.