"ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ?": ҚРКФ БАСШЫЛЫҒЫ "ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ" ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

"ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ БАСТАУЫШ?": ҚРКФ БАСШЫЛЫҒЫ "ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ" ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Түркістан облысы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бастауыш кәсіподақ ұйымында онлайн кездесу өтті.
Онлайн режимінде өткен іс-шараға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, "Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов, Түркістан облысы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тасболат Садибеков және кәсіподақ активі қатысты.
Кездесуді «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Бердіғали Өмірәлі ашып , алғы сөзді ҚРКФ төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевке берді.
Төраға орынбасары өз сөзінде, ҚРКФ басшылығы мен еңбек ұжымдары арасындағы кездесулердің маңыздылығын атап өтті. 2021 жылдан бастау алған ҚРКФ-ның «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы бастауыш ұйымдарды қолдау мен еңбек ұжымдарымен «Кері байланыс» жүйесін құру үшін қолға алынған болатын. Акция аясында бүгінге дейін 400-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымымен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан мұндай кездесулер тәжірибе алмасу мен еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін алға тартты.
Жиын барысында қатысушылардың назарына Түркістан облысы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының МКК-ның бастауыш кәсіподақ ұйымында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілімге ұсынылды.
Кезекті сөзді алған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов күн тәртібіндегі жалақыға қатысты сұрақтарға жауап бере отырып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге көбейгендігін мәлімдеді. Жалпы жалақы мәселесі еліміздегі шешімін таппай келе жатқан бүгінгі күндегі өзекті мәселе. Бүгінгі таңда, мұғалімдер мен дәрігерлердің, кітапханашылардың еңбек ақыларының деңгейі көтерілгені жөнінде айтып өтті. Осы орайда, әсіресе күннің аптап ыстығы мен қара суығында ауыр жұмыс жасап жүрген сала мамандарына айлық көтеру мәселесі тиесілі екендігін жеткізді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Үкімет отырысында еңбеккерлердің уақытылы және лайықты жалақы алуына жағдай жасау бойынша көптеген ауқымды шаралар қаралуда және ол мемлекет басшысының бақылауында -деді Берік Бекжанов.
Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тасболат Садибеков өз сөзінде, «Оңтүстік жолдары» жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының МКК облыс әкімінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 62 қаулысымен құрылған. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның негізгі мақсаты - облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен жыл бойына көлік құралдарының үздіксіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады. Көлік инфақұрылымының оның ішінде жол саласының дамуы мен жетімді экономиканың дамуына игілікті әсер ететін маңызды аспекттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта 2021 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау мақсатында үлкен жұмыс көлемі атқарылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейі, жүк айналымы мен жолаушылар тасымалдау көрсеткіштері біршама өсті. Бұдан басқа кәсіпорынның алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының жоспары назарға ұсынылды. Нақтырақ айтсақ:
- Теңгерімдегі өндірістік базаларды талаптарға сәйкес жабдықтау;
- Арнайы қажетті техникалардың санын артыру;
- Қосымша жаңа жұмыс орындарын ашып, жұмысшылар санын арттыру;
- Аудандарды өндірістік базалармен қамтамасыз ету;
Бүгінде кәсіпорында 163 еңбеккер жұмыс істейді. Олардың барлығы 100% кәсіподақ мүшесі. Кәсіпорында еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғау толығымен сақталған. Ұжымдағы кәсіподақ мүшелерінің ауызбіршіліктерін дамыту мақсатында үнемі түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Жұмысқа шабыттандыру, ынталандыру мақсатында ерекше еңбек етіп жүрген еңбеккерлерге түрлі сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталып, кәсіподақ тарапынан көңіл бөлініп отырады. Сондай-ақ, ұжымда әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетіледі. Осындай игі істер әлі де жалғасын таба бермек деп Т.Сәдібеков сөзін аяқтады.
Өз кезегінде, Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов, бүгінде жергілікті кәсіподақта 27 бастауыш ұйым, 1800 кәсіподақ мүшесі бар екендігі жайлы айтып өтті. Бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында өткізіліп отырған осындай кездесулердің маңыздылығын жеткізе отырып, депутатқа және Кәсіподақтар федерациясына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, жұмысшылар кәсіподақ тарапынан берілетін шипажайларға жеңілдетілген жолдамаларды қарастыруға ұсыныс беріп, еңбекақыларын көбейтуге қатысты тілектерін жеткізді.
ҚРКФ төрағасының орынбасары көтерілген мәселелердің шешілу жолында жұмыстар алдағы уақытта жоспарға сай атқарылатынын жеткізіп, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жалақыны көтеру қажеттілігі туралы мәселені мемлекет басшысы Қ.К Тоқаевқа жолдаған Үндеуінде және Үшжақты Республикалық комиссия отырысының күн тәртібінде бірқатар ұсыныстар бергендігін атап өтті.
Сондай-ақ, кәсіподақ тарапынан шипажайларға берілетін жолдамалар бойынша келешекте медициналық-оңалту пилоттық режимі ұйымдастырылып, бұл жобаның Щучинск шипажайынан бастау алатындығын тілге тиек етті.
Іс-шараны қорытындылай келе, «Жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін жетілдіруде «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының маңызы зор. Акция аясындағы кездесулер неғұрлым ашық әңгіме форматында өтсе, Федерация және оның мүшелік ұйымдары жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және басқа құқықтары мен заңды мүдделерін әлеуметтік әріптестіктің барлық деңгейлерінде соғұрлым нәтижелі қорғай алады. Бұл міндеттердің орындалуы кәсіподақ ұйымының белсенділігі мен әр түрлі деңгейдегі кәсіподақ органдарының жұмыла жұмыс істеуіне байланысты. Сөз соңында Нұрлан Өтешев бүгінгі кездесуге келген қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

#Әлеуметтікәріптестікжылы
#Годсоциальногопартнерства
#социальноепартнерство
#әлеуметтікәріптестік
#равноесотрудничество
#еңбекқатынастары

Дата публикации
07 февраля 2022