14.01.2022 г. № 35
Қызылқия ауылы село Кызылкия
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылкия аулдық округі әкімінің сайлауы туралы
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14 және 113-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 772 «Түркістан облысындағы төтенше жағдайдың күшін жою туралы» Жарлығына сәйкес Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылы 6 қаңтардағы 33 № шешімі негізінде уақытша тоқтатылған «2022 жылғы 6 ақпанға тағайындалған «Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлауы»» қайта тағайындалсын.
- Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалсын. Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясына және Қазығұрт ауданы әкімі аппаратына жолдансын.
- Осы шешім Қазығұрт ауданы әкімінің ресми сайтында жариялансын.
Төрағасы Р.Бобетов
Хатшысы Б.Доненбай