Қызылқия ауыл округі

Сайлау учаскелерін құру туралы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 7 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қарашада № 4772 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып Қазығұрт ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн сайлау учаскелерi осы шешiмнiң қосымшасынасәйкес құрылсын.
  2. Қазығұрт ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 3 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2563 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2014 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімініңкүші жойылды деп танылсын.
  3. "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Е.Тұрғынбековке жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

Т.Т.Телғараев

      КЕЛІСІЛДІ

      Түркістан облысының
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
____________ Е.С.Сасбұқа
"___" ________ 2018 жыл

 

Қазығұрт ауданы әкімінің
2018 жылғы 5 қарашадағы
№ 7 шешіміне қосымша

 

Қызылқия ауыл округі

      № 294 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Комсомол" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі № 7 а.

      Шекарасы: Айнатас елді мекені, Қызылқия елді мекенінің Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағы № 1-55, жұп жағы № 2-56 үйлер аралығы, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағы № 1-21, жұп жағы № 2-22 үйлер аралығы және А.Амалов көшесінің барлығы.

      № 295 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйі, Ұ.Сақұлы көшесі № 43.

      Шекарасы: Қызылқия елді мекенінің Н.Тоқтамыс, Ұ.Сақұлы, Ғ.Мұратбаев, С.Нүсенов көшелері, Дүйсебай Болыс көшесінің тақ жағы № 57 үйден бастап көшенің соңына дейін, жұп жағы № 58 үйден бастап көшенің соңына дейін, Б.Әшірбаев көшесінің тақ жағы № 23 үйден бастап көшенің соңына дейін, жұп жағы № 24 үйден бастап көшенің соңына дейін.

      № 296 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Қызылсеңгір" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н.Машақұлы көшесі № 20.

      Шекарасы: Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендері.

      № 297 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қазығұрт аудандық білім бөлімінің "Ынталы" жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Иманбердиев көшесі № 31.

      Шекарасы: Ынталы елді мекені.

Дата публикации
14 января 2022