Түркістан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен
2021 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері
Ішкі аудит қызметімен 2021 жылы 10 мемлекеттік аудит объектілеріне
(2 мемлекеттік мекеме, 8 квазимемлекеттік сектор) тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудиторлық іс-шарамен жалпы 33 209,2 млн. теңге қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар 2 178,4 млн. теңгені құрайды, оның ішінде
қаржылық бұзушылық 10,6 млн. теңге, рәсімдік бұзушылық 2 167,8 млн. теңге.
Аудит объектісіне жүргізілген аудиторлық іс-шара қорытындысымен
анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға
бағытталған, сондай-ақ аудит объектілерінің қызметтерінің тиімділігін
арттыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды.