Ереже "Түркістан облысы әкімінің аппараты"

«Түркістан облысы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  6. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, облыс әкімі және әкімдігі атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  9. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18, пошталық индексі 161200.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.
  12. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  13. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

  1. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
    функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

  1. Миссиясы:

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, аудан және қала әкімдері мен әкімдіктерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

  1. Мiндеттерi:

1) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету; 

2) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

3) облыс әкімі және әкімдігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 

  1. Функциялары:

Мына:

  • мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастар;
  • облыс шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асыру;
  • атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын облысты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
  • тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзу;
  • облыстық мәслихатқа «Облыстың құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лауазымды адамдарды қызметіне тағайындау және қызметiнен босату;
  • облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану;
  • аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдер мен әкiмдіктер жұмысын үйлестiру;
  • аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған облыстың басқару схемасын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгiзу;
  • Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысу;
  • төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзiрлеуді, облысты дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және оның орындалуын қамтамасыз ету;
  • атқарушы билiктің мемлекеттiк саясатын облысты дамыту мүдделері және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз ету;
  • жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді және облыс аумағындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда облыс аумағының шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
  • облыстық коммуналдық меншiктi басқару, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
  • азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесу;
  • облыстың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
  • аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
  • табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу, табиғат пайдалануды реттеу;
  • облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз ету;
  • ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • облыстың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
  • денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды және белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ету;
  • халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу;
  • өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіру;
  • жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құру;
  • мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құру, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлеу;
  • «Облыстың құрметті азаматы» атағын беру ережесінің жобасын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
  • терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
  • әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысу;
  • облыстық ассамблеяның ұйымдық құрылымын онда өңірдің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығымен келісім бойынша айқындау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша ішкі аудит жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру мәселелері бойынша облыс әкiмнiң және әкімдігінің қызметiн қамтамасыз ету.
  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, аудан және қала әкімдерінен қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыры шегінде оларға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамау себептері мен жағдайларын жою жөнінен шаралар қабылдауға;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер жиынтығын пайдалануға;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникациялар жүйелерін пайдалануға;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімдігі мен әкімі қарайтын мәселелерді дайындауға және шешуге қатысуға аппараттың, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерін тартуға.

 

  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

 

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.
  2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Түркістан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;

2) өз құзыреті шегінде «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

3) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

4) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

5) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;

9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

10) Түркістан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;

11) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;

12) заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкіне билік етеді;

13) шарттар жасасады және сенімхаттар береді;

14) банктік шоттар ашады;

15) бұйрықтар шығарады және «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындаулары үшін міндетті нұсқаулар береді;

16) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге басшылық жасайды;

17) «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау, босату, оларға қатысты тәртіптік жаза белгілеу және көтермелеу жөнінде бұйрықтар шығарады;

18) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
  2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттiк органның мүлкi

 

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

 

 

         «Түркістан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Түркістан облысының әкімі аппаратының «Мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

         Түркістан облысы әкімі аппаратының «Түркістан облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

        

Ереже "Түркістан облысы әкімінің аппараты"бласти"
Дата публикации
04 июля 2018