БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

        М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және кәсіподақтар күніне арналған "бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы" өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, "Білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының" төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия төрағасының орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы, "Түркістан облысының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали, "Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, салалық кәсіподақ төрағалары, бастауыш кәсіподақ мүшелері қатысты.

Форумның мақсаты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымдарындағы мәртебесін нығайтуға, кәсіподақ бірлігі мен кәсіподақ мүшелерінің ынтымақтастығын дамытуға, кәсіподақ жұмысындағы озық тәжірибені насихаттауға бағытталған қызметін өзектендіру болып табылады.

Форумға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Айгүл Мақсатқызы Мұқашева құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға ҚР Кәсіподақтар федерациясының наградаларын табыс етті. Оның ішінде "Қазақстанның кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін" медалімен Барлыбай Сапаралиұлы Қуандықов, "кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін" медалімен Анарбек Оразбекұлы Мырзагелдиев және "еңбек озаты" медалімен екі азамат және бірқатар азаматтар ҚР Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.      

Сонымен қатар, форумда кәсіподақ белсенділеріне "Түркістан облысының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, "Шымкент қаласының кәсіподақ орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және салалық кәсіподақтар тарапынан наградалар табыс етілді.

#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
# кәсіподақ күні1010

Дата публикации
05 октября 2021