Түркістан облысы Сауран ауданы Майдантал ауыл округі әкімінің сайлауына аудандық және екі учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Барлығы 6 үміткерлер ұсынылды, барлығы өзін –өзі ұсыну ретімен.
Бір үміткер мемлекеттік қызметкер: - Жаңа Иқан ауыл округі әкімінің орынбасары; 2 үміткер бюджеттік мекемеден; 2 үміткер- коммерциялық саладан; 1үміткер- уақытша жұмыссыз;
Дауыс беру күні қатысқан сайлаушылар 86,% құрады, немесе 1763-тен 1518;
Сайлау учаскелерінде үміткерлердің -12 сенім білдірген адамдары, «Nur Otan» партиясынан – 3 байқаушы;
Дауыс беру қорытындысымен Майдантал ауыл округі әкімі лауазымына өзін-өзі ұсыну ретімен, Досболов Жандос Муратович 01.06.1983 жылы туылған, «Ломбард Алтын қазына» ЖШС директоры, сайлаушылардың 1449 дауыс санымен (95%) сайланды.
Сайлау заң талаптарына сәйкес өтті.
Сайлау кезеңінде қоғамдық – саяси ақуал тұрақты болды.
Сайлау заңнамасын бұзу деректері орын тіркелмеді.
Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауыл округі әкімінің сайлауына аудандық және үш учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.
Барлығы 4 үміткерлер ұсынылды: 1 үміткер - «Nur Otan» партиясынан, 3 үміткер - өзін –өзі ұсыну ретімен.
Бір үміткер мемлекеттік қызметкер: -Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы; 1үміткер- бюджеттік мекеме қызметкері; 1 үміткер- кәсіпкер; 1үміткер- уақытша жұмыссыз;
Дауыс беру күні қатысқан сайлаушылар 83,22% құрады, немесе 6316 сайлаушыдан 5256 сайлаушы;
Сайлау учаскелерінде үміткерлердің -18 сенім білдірген адамдары, «Nur Otan» партиясынан – 6 байқаушы;
Дауыс беру қорытындысымен Шорнақ ауыл округі әкімі лауазымына «Nur Otan» партиясынан ұсынылған , Баймуратов Бердали Аширбекович 08.11.1961 жылы туылған, жеке кәсіпкер, сайлаушылардың 4500 дауыс санымен (87,1%) сайланды.
Сайлау заң талаптарына сәйкес өтті.
Сайлау кезеңінде қоғамдық – саяси ақуал тұрақты болды.
Сайлау заңнамасын бұзу деректері орын тіркелмеді.