Түркістан облысындағы физикалық-географиялық объектіге, білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес                                      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мынадай білім беру ұйымдарына:

1) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№2 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі;

2) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 3 жалпы орта білім беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхамеджан Тынышбайұлының есімі;

3) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 10 жалпы орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

4) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 5 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Төле бидің есімі;

5) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұхтар Әуезовтің есімі;

6) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мағжан Жұмабаевтың есімі берілсін.

  1. Мынадай білім беру ұйымдары:

1) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Болашақ» мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№ 43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңжасар Маңғытаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Алғабас жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Сәдуақас Темірбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Жанкент» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

  1. Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан және Жаңа Иқан ауылдық округтері аумағында орналасқан «Шошқакөл» көлі – «Жетікөл» көлі деп қайта аталсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                                    А. Мамин

 

Дата публикации
03 сентября 2021