Анықтама

Түркістан облысында  2021 жылдың 1-жарты жылдың қорытындысы  бойынша 698 мемлекеттік қызметтен (бұдан әрі - мемлекеттік қызметтер) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарына қазіргі уақытта 174 мемлекеттік қызмет тиесілі:

ЖАО тарапынан 9 322 661   қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны - 598 100;

- қағаз түрінде көрсетілгендер  саны – 826;

- мемлекеттік қызметтер электронды түрде – 8 723 735 көрсетілді .

Құжаттардың мерзімдерінің бұзылуы бойынша 2021 жылдың                           1- жарты жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар электронды жүйе арқылы құжаттың мерзімін бұзылуы жөнінде орын алмаған.

Қызмет ұсыну сапасын арттыру мақсатында  мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, брощюралар тарату, конференциялардың және қызметтің сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралары саны – 84.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша халықтын қамту саны – 6 519 құрады.

174 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінде 156 (90%) автоматтандырылған қызметтер:

1 - мемлекеттік қызмет «Әлеуметтік көмек» ААЖ» арқылы ықпалдастырылған;

7 – АИС «Platonus College»

9 – АИС «SmartNational»

24 - Геоинформационный портал государственных услуг ТО

23 - мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» арқылы ықпалдастырылған;

1 - «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы ықпалдастырылған;

3 - портал КМИС;

1 - портал РПН;

8 - мемлекеттік қызмет «АХАТ» РП» арқылы ықпалдастырылған;

14 - мемлекеттік қызмет «Е-әкімдік» АЖ арқылы ықпалдастырылған;

6 - АИС «Qoldau.kz»;

1 - мемлекеттік қызмет «Е-собес» АЖ арқылы ықпалдастырылған;

56 - веб-портал «www.egov.kz»;

2- веб-портал «www.egov.kz» Даму Мед;

Қазіргі таңда, «Е-әкімдік» АЖ арқылы көрсетілетін 4 қызмет түрін біріктіру жұмыстары жүргізілді.

(«Кәмелетке толмаған балалардың мүлкін бұзу және кәмелетке толмаған балалардың мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру», «Баланы патронаттық тәрбиелеуге беру», «Патронаттық тәрбиешілерге берілген баланы асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»)

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру Жоспарына сәйкес 2019 жылы 80%-ға, ал 2020 жылы 90%-ға  (ҚР Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығы) мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар Жоспарының                        84-тармағын іске асыру мақсатында әзірленген 2019 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жоспарына сәйкес облыстың ЖАО көрсететін 33 мемлекеттік қызметті автоматтандырылды және «Е-әкімдік» АЖ                  8 мемлекеттік қызметті оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде (2012 жылдан бері оңтайлаңдыру жұмыстары жүргізілмеген).

Облыстың ЖАО көрсететін электрондық форматқа көшірілген                               33 мемлекеттік қызмет:

Білім беру саласында 17 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Оның ішінде 8 қызмет колледжге қатысты,  мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім беру саласы бойынша 9 мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылды.

Ауылшаруашылық саласы бойынша 1 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Жер қатынастары саласы бойынша 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 2 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.

Осылайша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 156 немесе 90% құрайды.

Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастыруда.

2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметтерді 91% пайызға автоматтандыру жоспарланып отыр.

Дата публикации
01 июля 2021