ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 25 шілдеде Сауран ауданының ауылдық округтері әкімдерінің үш сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

          Сауран  аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес,  Сауран ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 Жібек жолы сайлау округі

 Жібек жолы  ауыл округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Жібек жол ауыл округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1160 азамат енгізілді, олардың 985-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 175, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

 Ахмет Е.А – 126;  Аширбеков М.А. - 600; Байзаков К.С-183

Жібек жолы ауыл округі  әкімі болып  Аширбеков Мейрамбек Абуович  сайланды, 1968 жылы туған, Жібек жолы ауыл округінің әкімі,  Сауран ауылында тұрады, Өзін-өзі ұсынған кандидат.

         Үшқайық  ауыл  округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Үшқайық  ауыл  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2980 азамат енгізілді, олардың 2379-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 601, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жамбылұлы Ұлан – 440; Шалаев М.Н – 1906; 

 Үшқайық  ауыл округінің әкімі болып Шалаев Мухтар Нурхатович сайланды, 1964 жылы туған, ТО АШБ «Түркістан қалалық ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК басшысы, Теке ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы"қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы  Сауран аудандық филиалымен ұсынылды.           

            Жаңа Иқан сайлау округі

            Жаңа Иқан  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Жаңа Иқан сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4138 азамат енгізілді, олардың 3558-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 580, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдаев Т– 1949;  Тажитдинов Б.Т – 1587;  .

   Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі болып Абдаев Тахир сайланды, 1962 жылы туған,  Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімінің орынбасары, Ибата ауылында тұрады, "Nur Otan"партиясы"қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы  Сауран  аудандық филиалымен ұсынылды .                                                                                                            Сауран аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Сауран ауданы аумақтық ауыл округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Сауран ауданды аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 июля 2021