Бүгінгі таңға – облыс бойынша 60 округтер бойынша сайлау бюллетендеріне 210 үміткер енгізілген: 5 округте – 2 үміткерден; 30 округте – 3 үміткерден; 16 округте – 4 үміткерден; 5 округте – 5 үміткерден; 3 округте – 6 үміткерден; Төлеби ауданындағы Киелітас ауылдық округінде – 7 үміткерден.
2021 жылдың 22 шілдесіндегі сағат 18.00 – дегі жағдай бойынша тіркеуден 44 үміткер шығарылды, оның ішінде: өз өтініштері бойынша – 35 үміткер («Ақ жол» халықтық демократиялық партиясынан -2, ҚХП – 1, ЖҰДП -1, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан – 1, қалған 30 үміткер – өзін – өзі ұсынғандар), арнайы тексеруден өтпей қалған 6 үміткер («Ақ жол» халықтық демократиялық партиясынан -1, қалған 5 үміткер – өзін – өзі ұсынғандар), декларациясының сәйкес келмеуіне байланысты – 2 үміткер («Ақ жол» халықтық демократиялық партиясынан -1, өзін – өзі ұсынған үміткер – 1), қайтыс болуына байланысты – «Nur Otan» партиясынан 1 үміткер тіркеуден шығарылды.
44 үміткерлердің тіркеуден шығарылғандығына байланысты 31 ауыл округі бойынша сайлау бюллетендеріне өзгерістер енгізілді.
Сайлау округтеріндегі сайлаушылардың жалпы санына қосымша 1 пайызбен сайлау бюллетендері дайындалған және сайлау учаскелеріне жеткізілген. Сайлау бюллетендері орналасқан дауыс беруге арналған үй - жайлар мөрленіп, полиция қызметкерлеріне тапсырылған.
Қазіргі кезге 166 үміткер: 19 ауыл округінде – 2 үміткерден; 32 ауыл округінде – 3 үміткерден; 8 ауыл округінде – 4 үміткерден.
Мүмкіншілігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруге қажетті жағдайлар жасалған. 231 сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға компьютерлермен қамтамасыз етілген орындармен, арнайы арналған бұрыштармен, арнайы кабиналармен, лупалармен жасақталған. Көзі нашар көретін сайлаушылар үшін Брайл қарпіндегі 1 – ден 6- ға дейінгі санау ұяшығы бар 186 трафареттер және сайлау бюллетендеріндегі жазбаны хабарлау туралы аудиожазбалар дайын.
Тиісті әкімдердің актімен берген, сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылар саны – 265146 сайлаушы