«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 – бабының 3 – тармағына, 33 – бабының 2 – 1 – тармағына сәйкес Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
1) Теледидар және радио бойынша бағдарламалармен сөз сөйлеу, сондай – ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялау 110000(бір жүз он мың) теңге сомасында белгіленсін;
2) Сайлау алдындағы жария іс – шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару 60000(алпыс мың) теңге сомасында белгіленсін;
3) Көлік шығыстары 50000 (елу мың) теңге сомасында белгіленсін.
Төраға Ә.Өмірәлиев
Хатшы О.Сағымбекова