Түркістан облысындағы ауыл әкімдігіне
үміткерлерді ұсыну қорытындысы туралы
Түркістан облысындағы 181 ауыл округтерінің - 60 сайлау округтеріндегі 242 сайлау учаскелерінде ауыл округтері әкімдерінің жаңа форматтағы тікелей сайлаулары тағайындалған.
Ұсыну кезеңінің бітуіне байланысты /09.07.2021 жыл 18:00/ 285 үміткер ұсынылды, оның ішінде: саяси партиялардан-98 /34,3%/, 187- өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау округтерінде орташа 3-4 адамнан.
Екі үміткерден түскен сайлау округтері жоқ, 9 сайлау округінде - 3 үміткерден /15%/, 20 сайлау округінде - 4 үміткерден /33,3%/, 18 сайлау округінде - 5 үміткерден /30%/, 9 сайлау округінде - 6 үміткерден /15%/,
3 сайлау округінде - 7 үміткерден /11,7%/, 1 сайлау округінде - 10 үміткерден /1,6%/
260 - үміткердің сәйкестігі анықталды, 25 - үміткердің сәйкестігі сәйкес келмеді.
Өзін-өзі ұсынған 75 үміткерлер қол қою парақтарына қажетті қолдарын жинады.
285 ұсынылған үміткерлердің, 244 үміткерлердің құжаттары арнайы тексеруге жіберілді.
Әр түрлі себептермен алынған үміткерлер жоқ, 25 үміткер- біліктілік талаптарына сәйкес келмеді, 8- өзінің жеке өтініші бойынша бас тартқандарды есептемегенде -252 үміткерлер қалды.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесіне 103 үміткер тіркелді/39.7%/, саяси партиядан -59, өзін-өзі ұсынғандардан -44;
Ең көбі Келес ауданының Абай ауыл округінде - 12655 сайлаушылар бар, ең азы Сарыағаш ауданының Әлімтау ауыл округінде -805 сайлаушылар бар