Кандидаттарға қойылатын талаптар
Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын талаптар
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңда қойылатын талаптар *
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада қойылатын талаптар
* Бір адам сол және бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды
Кандидаттарды ұсыну тәсілдері
Кандидаттар келесі жолдармен ұсынылуы мүмкін:
2) дауыс беруге құқығы бар тиісті округ сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1% - ының қолдауымен өзін-өзі ұсыну жолымен
Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, онда сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады және аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша бір не екі кандидат ұсынуға құқылы
Әкімдікке кандидаттарды ұсыну кезеңі
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімі лауазымына
кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап
басталады сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00
аяқталады
Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екіден кем кандидат ұсынылса, сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады
Тіркеу қажетті құжаттар болған кезде жүзеге асырылады
Саяси партия ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) осы саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;
7) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат
Өзін-өзі ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) кандидатты қолдау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының хаттамасы
Әкім ұсынған кезде
1) азаматтың кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;
2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;
3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы Мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттар;
5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6) аудан әкімінің ұсынымы