Түркістан облысы Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ШЕШІМ
Сауран ауданы №10 25.06.2021ж.
Сауран ауданының ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран ауданында 2021 жылдың 25 шілдесіне сайлау тағайындалсын:- Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі;- Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі;- Үшқайық ауылдық округінің әкімі;2. 2021 жылдың 25 шілдесінде белгіленген Сауран ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін. 3. Осы шешім Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет сайтында және Түркістан қалалық «Түркістан» газетінде жариялансын.
Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О.Ж. Амреев Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Н.М. Тасболат
Сауран ауд.
25.06.2021
№ 10