«Түркістан облысындағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы кеңейтілген мәжіліс
«Түркістан облысындағы аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы» тақырыптағы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 16.06.2021жылы өткізілген кеңейтілген мәжіліске Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының комиссия мүшесі, облыс әкімінің аппарат басшысы мен бас инспекторы, облыс әкімдігінің ақпараттық қауіпсіздік бөлімінен, облыс прокурорының орынбасары, әкімдіктің әр саладағы басқармаларынан/ облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы,облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы, облыстық жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы,облыстық мұрағат және цифрлы мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы/, аудан- қала әкімінің аппарат басшылары,Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары,Түркістан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары, Түркістан облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Түркістан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Түркістан облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері және аудандық- қалалық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға байланысты көптеген мәселелер жан-жақты зерделеніп, талқыланып, сайлау өткізу іс-шараларында жүзеге асырылады.