Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тәжібаевпен 2020 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды:
Облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мекемелер орналасқан жерлер мен олар көп жүретін орындарға 2020 жылы:
- 23 бағдаршам (арнайы зағиптер үшін 22 ілесе дыбыстайтын құрылғы және саңыраулар үшін жарық беретін 21 құрылғы) орнатылды.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті:
- 101 жол белгісі;
- 15 арнайы көрсеткіш;
- 29 жаяу жүргіншілер өтетін жерлерге арнайы белгі орнатылған;
- 50 арнайы автотұрақ ашылған.
Бүгінгі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін мекемелер орналасқан жерлер мен олар көп жүретін орындарға 2021 жылға келесі іс-шаралар орындау жоспарлануда:
- 51 бағдаршам (Түркістан -5, Арыс -2, Кентау-11, Жетісай-6, Келес-1, Мақтаарал -20, Сарыағаш-1, Созақ-1, Төлеби-2, Шардара-2). ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін орнату тиіс (кесте тіркеледі).
- 62 жол белгілерін (Түркістан -15, Арыс -2, Жетісай-4, Келес-5, Қазығұрт-1, Мақтаарал-20, Ордабасы – 8, Сарыағаш-2, Созақ-1, Төлеби-2) ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін орнату тиіс (кесте тіркеледі).
- 79 автотұрақтар ашу (Түркістан -5, Арыс -2, Кентау-12, Байдібек-8, Жетісай-6, Келес-1, Қазығұрт-6, Ордабасы – 10, Отырар – 6, Сайрам-8, Сарыағаш-2, Созақ-2, Созақ-3, Түлкібас-3, Шардара-3) ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін орнату тиіс. (кесте тіркеледі).
Сонымен қатар, 2021 жылы Түркістан қаласының қалаішілік бағыттарына заманауи қоғамдық көліктер алу бойынша инвестор-тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС-гі тарапынан 50 дана автобус алуға тапсырыс беріліп, бүгінде 30 автобусы әкелінді және 3 жаңа бағытқа қызмет көрсетуде. Аталған автобустар төмен еденді (низкопольные) және мүгедектарге арналған арнайы орындармен жабдықталған.
Облыста 5 автовокзал мен 24 автобекет жұмыс істейді. Аталған нысандарда мүгедектерге арналған:
- 58 көрсеткіш (указатель),
- 37 автотұрақ,
- 26 арнайы арба қарастырылған.
Сонымен қатар, автовокзал, автобекеттердің ғимараттары
- 49 пандуспен,
- 28 дыбыстау құрылғыларымен,
- 19 электрондық табломен жабдықталған.