ЖОБА
Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 2-тармағына, «Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 мамырдағы №326 қаулысына сәйкес (№155994 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу реестірінде тіркелген) және Сарыағаш және Қазығұрт аудандары әкімдігінің және мәслихатының ұсыныстары негізінде, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылдық округінің 288,33 гектар жерлері мен Бағыс елді мекенінің алаңы 708,8 гектар жерлерін Ақжар ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен;
2) Хиебон елді мекенінің 45,62 гектар жерлерін Құркелес ауылдық округінің әкімшілік шекарасына қосу жолымен өзгертілсін.
1) осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулыны және облыстық мәслихатының шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
|
|
«Түркістан облысы Сарыағаш және Қазығұрт аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы «___»_________ №_____ қаулысына және Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы «___»_________ №_____ шешіміне