Ағымдағы жылдың 06 мамырында "Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне өңірлік салалық кәсіподақтарының төрағалары мен қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу, оған мүшелікке тарту жұмыстары, сондай-ақ «Қалың қалай, бастауыш?» акциясы шеңберіндегі жұмыстарды іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, отырыста бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн кездесулерді ұйымдастыру жайы талқыланды. Бұдан бөлек, «Еңбек елшісі», «Еңбек – ел мұраты» жобалары бойынша жұмыстарды жандандыру керек екені айтылды.
Кеңес отырысына қатысқан салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары пандемияның салдарынан жұмыс орындарында кездесіп жатқан бірқатар мәселелерді айтып, ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында төраға жиналған әріптестерді келе жатқан 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс мерекесімен құттықтады.
#кәсіподақҚз #kasipodaqkz
#ҚРКФ #Түркістан