«Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссияcына жаңадан мүшелер тағайындау туралы»

20   сәуір 2021 ж          

«Сауран аудандық аумақтық

сайлау комиссияcына жаңадан

 мүшелер тағайындау туралы»

 

           Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы  

«Түркістан облысының әкімшілік- аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» №  534 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабы 8-тармағына, 10-бабы  3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссясының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 2/403 қаулысына  сәйкес, Түркістан облыстық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары бойынша Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне өздерінің өтініштері бойынша сайланғанға дейін уақытша төмендегілер тағайындалсын:

         1) Ибрагимов Жанболат Амангельдиевич, 1970 жылы туылған, «Орталық су спорт кешені» МКҚҚ-директордың орынбасары,

         2)  Абишев Икбол Хабибуллаевич, 1970 жылы туылған, жеке кәсіпкер,

         3)Тасполат Нурғелді Маратұлы, 1993 жылы туылған, уакытша жұмыссыз,

         4) Юлдашев  Шакир Саидазимович, 1981 жылы туылған, Шаға а\о әкімдігі, әлеуметтік кызметкер,

         5) Кошанов Нұрлыбек, 1971 жылы туылған, Шорнақ а\о №5 мектеп-интернат, мұғалім,

         6) Жолдасбаева Гульжан Жумалиевна, 1988 жылы туылған, Шорнақ а\о Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебі, мұғалім,

         7) Айтпенбетова Акбота Төлебайқызы, 1981 жылы туылған, «Шорнақ» атындағы а\о,  жалпы орта мектебі, мұғалім

  1. 2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының бірінші ұйымдастыру отырысында, сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары, хатшысы сайлансын.

 3.Сауран аудандық мәслихатының бірінші сессиясын өткізу ұйымдастырылсын.

 

            Төраға:                                                         Ә.Өмірәлиев       

           Хатшы:                                                        О.Сағымбекова

Дата публикации
21 апреля 2021