Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулысы
2021 жыл 19 сәуір № 2/403
Аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 12 наурыздағы № 534 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1.Түркістан облысы Сауран ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
Төраға Б.Имашев
Хатшы С.Мұстафина