ЖОБА
Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы №44/477-VI «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
көрсетілген шешіммен айқындалған Түркістан облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізіміндегі Түркістан қаласы блойынша бөлігі мынадай редакциядағы жолдармен толықтырылсын:
«№20 бағытындағы «Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – Отырар мөлтек ауданы – Түркістан халықаралық әуежайы» (Түркістан халықаралық әуежайы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Бекзат Саттарханов даңғылы – Ипотека үйлері – Халық Банк – Rixos қонақ үйі – Халықаралық қазақ түрік университеті – Дастархан – Қаракөз мазараты – Керуен сарай – Әмір Темір – Қазыбек би көшесі – Шекті Тілеу жолдаяқ көшесі – Жібек жолы даңғылы – МҚТУ тас жолы – Отырар мөлтек ауданы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан халықаралық әуежайы).».
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы А. Орман
Облыстық мәслихат
хатшысы Қ. Балабиев