ЖОБА
Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы 10-бабының
1-1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өткен жалпы алаңы 795,62 гектар жерді облыс аумағына қосу жолымен Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін.
- Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин