ЖОБА
Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің
13-бабының 5)-тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1993 жылғы
8 желтоқсандағы 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сауран ауданы аумағына Кентау қаласы аумағынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді қоса алғанда жалпы көлемі 721745,0 гектар жерлерін Сауран ауданына қосу арқылы Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы«Түркістан облысы Кентау қаласыныңшекарасын өзгерту және Сауран ауданыныңшекарасын белгілеу туралы» бірлескен Түркістаноблысы әкімдігінің қаулысы және Түркістаноблыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы №81 қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/23-VIІ шешіміне келісім берілсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин