Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 15 бабының 1 тармағы 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысының аумағында оларды бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихатының

сессиясының төрағасы

      Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

К. Балабиев

Дата публикации
17 марта 2021