Отчет акима области Шукеева У. Е. По итогам 2020 года по реализации предложений и замечаний населения, высказанных на собрании ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ

 

 «БЕКІТЕМІН»

                             Түркістан облысы әкімі

 _____________ Ө.Шөкеев

                                                                                                                                       «___» ақпан 2021 жыл

 

 

Облыс әкімі Ө.Е.Шөкеевтің 2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру

жиналысында халықтың айтылған ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

№

Айтылған ескертулер/ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

Ескертпе

1.      

Құрметті, Өмірзақ Естайұлы! Өзіңіз облысқа келгелі Түркістан өңірінде жыл сайын туындайтын су тапшылығы мәселесі оңды шешімін тауып, шаруалар шексіз алғысын білдіруде. Бірқатар су нысандарын Республикалық меншіктен облыстық меншікке өткізілуіне тікелей ықпал еттіңіз, бұл су нысандарын облыстық деңгейде бір қолдан басқаруға мүмкіндік берді.

Бұл жұмыстарыңызға халықтың атынан үлкен алғысымызды айтқым келеді. Құрметті Өмірзақ Естайұлы бір ұсынысым бар. Жаңа – Иқан ауылдық округінде 1500 гектардан астам жер игерілмей жатыр. Ол үшін осы ауылдық округтен Жаңа Иқан су қоймасы салынса деген ұсынысымыз бар. Осы мәселені де қарастырсаңыз.

2021 жылғы желтоқсан

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Н.Бадырақов

 

Кентау қаласының әкімі
Д. Мақажанов

 

2.      

Елімізде «Пандемия» кезінде оқушылар мен студенттерге қашықтықтан оқу бойынша ауылдық елді мекендерде жоғары жылдамдықты интернет ұялы байланыс қиындықтары туындады.

Облыс аумағандағы елді мекендерде жоғары интернет жылдамдықты ұялы байланыс желісімен қамту жоспары бар ма?

 

2021 жылғы наурыз

Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы

Е.Өтебаев

 

3.      

Кентау қаласындағы «Ащысай түстіметалл» комбинатының жабылуы салдарынан шахтадағы жер асты сулары көктем сайын көтеріліп, көпқабатты тұрғын үйлерді су басу қауіпі туындауда. Осы мәселені шешуге ықпал етсеңіз.

2021 жылғы желтоқсан

Кентау қаласының әкімі

Д. Мақажанов

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

4.      

Түлкібас ауданы Састөбе кентінде орналасқан дәрігерлік амбулатория 1974 жылы салынған. Аталған амбулаторияда 29 адам жұмыс жасауда. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория ғимараты ескіріп, тозығы жетуіне байланысты және тұрғындардың денсаулығының сапасын арттыру мақсатында жаңадан емхана ғимаратын салуға өз тарапыңыздан ықпал етуіңізді сұранамын?

2021 жылғы қараша

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы

Т.Үсібалиев

 

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

М.Пашимов

 

Түлкібас ауданының әкімі

Н.Байғұт

 

5.      

Түркістан қаласында арнайы экономикалық аймақ ашылғаны туралы хабарымыз бар. Оның қызметінің мәні неде, қандай пайдасы бар, жалпы кәсіпкерлер үшін қандай артықшылықтар бар?

2021 жылғы наурыз

Облыстық инвестиция және экспорт басқарма басшысының м.а.

Қ.Шонбасов

 

6.      

Баяндамаңыздағы тартылған инвестиция туралы сөзіңізге тәнті болдым, жақсы жаңалық екен, ендеше инвесторлар тарту қандай тәсілдер қолдандыңыз, сол жөнінде айтып өтсеңіз.

2021 жылғы сәуір

Облыстық инвестиция және экспорт басқарма басшының м.а.

Қ.Шонбасов

 

7.      

Өңірдің мақтанышы болатын «Түркістан» телеарнасы ашылды дегенді жаңалық естідік. Бұл телеарна қашан іске қосылады?

2021 жылғы наурыз

Қоғамдық дамубасқармасының басшысы

Д.Жүнісов

 

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы

М.Сүлейменова

 

8.      

2021 жылы Түркістан қаласында студент жастардың республикалық Универсиадасы өтеді екен. Осы рас па?

2021 жылғы маусым

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Қ.Жолдықараев

 

9.      

Төлеби ауданындағы «Айналма», «Қызыл Ұзын», «Таш», «Р-3а», «Таш оңжақты»
каналдарын күрделі жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алып, қаржыландыруға ұсынылған.

Осыған орай, қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұранамыз.

2021 жылғы шілде

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Н.Бадырақов

 

Облыстық стратегия және экономикалық даму басқарма басшысының м.а. К.Жаппаров

 

10.            

Мен Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекеніне қатысты сұрақ қойғым келіп отыр.

Ауылымызда халық санының артуына байланысты электр куаты төмен, кей кездері кешкі уақытта сөніп қалады. Осы орайда, тұрғындар атынан өтінішіміз сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесін қарастырсаңыз?

2022 жылғы желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Ордабасы ауданының әкімі

Н.Тұрашбеков

 

11.            

Жақында Түркістан қаласында барғанда көптеген жұмыстар атқарылғанын көріп шаттандым, жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Алайда, көңілге түйіп қайтқан бір сұрақ – адам тасымалдайтын автобустар тозығы жеткен, ескі екен. Үлкен автобустарға қашан ауыстырылады?

2021 жылғы қыркүйек

Түркістан қаласының әкімі

Р.Аюпов

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Р.Ибрагимов

 

12.            

Уважаемый Умирзак Естаевич!Как решается вопрос включения г. Кентау и близлежащих 4 сел в зону экологического бедствия.

2021 жылғы желтоқсан

Кентау қаласының әкімі

Д.Мақажанов

 

13.            

Келес ауданы Бозсу елді мекені жылда ағын судан қиналады. Осы маселені қолға алсаныздар.

2021 жылғы мамыр

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы

Н.Бадырақов

 

Келес ауданының әкімі

А.Есбаев

 

14.            

Түркістан облысыСарыағаш ауданы Тегісшіл елді мекенінде 3-4 көшеде ғана тас жол бар, қалған көшелерде асфальт жоқ.Қалған көшелерге қашан асфальт төселеді?

2021 жылғы шілде

Сарыағаш ауданының әкімі

М.Отаршиев

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Р.Ибрагимов

 

15.            

Созақ ауданы Жуантөбе ауылында жағдай өте нашар, неге Созақ ауданы Жуантөбе ауылына жағдай жасалмаған, неге келіп қарамайсыздар? Жалпы Созақ ауданында жағдай нашар. Газ жоқ, газ неге келтірмейсіздер?

2021 жылғы желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Созақ ауданының әкімі

С.Полатов

 

16.            

РISA халықаралық білім жетістіктерін зерттеуі бойынша 2018 жылы Қазақстан жаратылыстану және математика пәндері бойынша 2015 жылғы көрсеткішінен төмен нәтиже көрсетті, яғни білім сапасының төмендеп жатқаны байқалады. Бұл ауылдағы педагогтардың біліктілігінің төмендігімен мамандардың жетіспеушілігі, ағылшын және орыс тілдеріндегі ақпаратқа балалардың тіл білмеуі салдарынан пәнді толық игермеуде деп ойлаймын. Осы мәселені шешуде кешенді шаралар қабылдау қажет сияқты, яғни физика-математика, химия-биология бағытындағы жаңа модульді мектептер ашу қажет деп есептеймін, осы мәселе бойынша ойыңызды білсем деп едім?

2021 жылғы шілде

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы

Р.Жолаев

 

17.            

Добрый день! Я корреспондент 31 канала Бахром Абдуллаев. У меня такой вопрос:

Предприниматели Мактааральского района жалуются на то, что не все получили компенсацию по ЧС. Как решается этот вопрос и почему не выплатили?

2021 жылға наурыз

Мақтаарал ауданының әкімі

Б.Асанов

 

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы

Н.Иманқұлов

 

Кәсіпкерлік палатасының директоры

Т.Нақыпбеков

 

18.            

Добрый день! Я корреспондент 31 канала Бахром Абдуллаев. У меня такой вопрос:

Жители микрорайона Мырзакент Мактааральского района жалуются на качество новых домов. Кто принимал эти объекты и как решится этот вопрос? Какое наказание понесут застройщики?

2021 жылға сәуір

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы

Т.Үсібалиев

 

Мақтаарал ауданының әкімі

Б.Асанов

 

19.            

Добрый день! Я корреспондент 31 канала Бахром Абдуллаев. У меня такой вопрос:

В городе Туркестан в микрорайоне Жана курылыс центализованную воду обещали подключить ещё в прошлом году. Вот только люди до сих пор используют не качественную воду, с солёным привкусом, которую выкачивают с колодцев. Какова причина, почему воду до сих пор не подключили и когда вода все же будет? Трубопровод подвели ещё в середине прошлого года.

2022 жылға желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Түркістан қаласының әкімі

Р.Аюпов

 

20.            

Мақтаарал ауданының Нұрлыбаев ауыл округіне газ жүйесі қашан тартылады екен?

2021 жылғы желтоқсан

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Мақтаарал ауданының әкімі

Б.Асанов

 

21.            

Мақтаарал, Келес аудандарына темір жол салынса дұрыс болар еді. Осы мәселеге не айтасыз?

2021 жылғы наурыз

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Р.Ибрагимов

 

22.            

Жетісай, Келес, Мақтарал, Сарыағаш, Шардара аудандарына ортақ кешенді емхана салынса екен,өйткені осы аталған аудандарға облыс орталығы тым алыс, шалғай, орналасқан. Өтінішіміз жерде қалмас деген үміттеміз. Аталған аудан тұрғындары атынан өтініш білдіремін.

2021 жылғы қараша

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы

Т.Үсібалиев

 

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы

М.Пашимов

 

23.            

Футбол біздің облыста кенже қалған спорт түрі болып тұр, осы орайда футболды дамыту, жастарды спортқа қызықтыру үшін қандай жұмыстар атқарылуда?

2021 жылғы мамыр

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Қ.Жолдықараев

 

24.            

Құрметті әкім мырза Түркістан облысы Жетісай ауданы Ынтымақ ауыл округі Әден ата ауылының Иірлі көшесіне асфальт төсеу туралы қаншама жылдан бері айтып келеміз. Нақты қашан қай уақытта жасалатыны жайлы жауап ала алмаймыз.

2021 жылғы мамыр

Жетісай ауданының әкімі

Ж.Бейсенбаев

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Р.Ибрагимов

 

25.            

Келес ауданы Қалғансыр ауылынан жазып отырмын. Біздің ауылдың ауыз су және жол мәселесін шешіп берсеңіздер, өтініш. Алдын ала алғысым шексіз.

2021 жылғы желтоқсан

Келес ауданының әкімі

А.Есбаев

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Р.Ибрагимов

 

26.            

Өмірзақ Естайұлы, Киелі Түркістан қаламнан баспананы ипотекамен алуға болама? Қандай жолдары қарастырылған?

2021 жылғы

сәуір

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

Р.Тұрғанбаев

 

Түркістан қаласының әкімі

Р.Аюпов

 

27.            

Өмірзақ Естайұлы, талай игі істер іске асуда. Ісіңізге береке берсін! Түркістан облысы мал шаруашылығымен де айналысуда. Сондықтан мал терісі мен жүнін өңдейтін орындар да ашылса, дұрыс болар еді. Қарапайым халықтың қолындағы малының жүні мен терісі бекерге өртелуде. Осы мəселеге де көңіл бөлінсе.

2021 жылғы

желтоқсан

Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы

Н.Иманқұлов

 

28.            

Түркістан керемет гүлденіп келеді, құрылыстың, жолдың, су тармақтардың т.б нысандардың сапалы орындалуы мен қаржыны барынша тиімді игеру қадағаланса дұрыс болар еді.

2021 жылғы желтоқсан

Түркістан қаласы әкімі

Р.Аюпов

 

29.            

Қызыласкерді аудан орталығы етуді өтінемін. Себебі, халық саны жеткілікті. Және де мектептер түсуі керек. Олай болмаса үш ауысыммен оқып жатқан мектептер бар. Істеріңізге сәттілік тілеймін.

2021 жылғы

қараша

Облыстық саулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

Н.Бөкебаев

 

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы

Р.Жолаев

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2021