Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Түркістан облысы құрамында Кентау қаласының аумағынан Шаға, Жаңа-Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін қосу жолымен әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында болатын – Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы Жарлық алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті Қ. Тоқаев