Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы отырысының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 77 хаттамалық шешімінің көшірмесі

 

 Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы  отырысының 2021 жылғы    22 қаңтардағы  № 77 хаттамалық      шешімінің         көшірмесі

                                      

  1. Сарыағаш ауданындағы 26 сайлау учаскелері төрағаларының «Қазақстан  Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 20 бабының 8 тармағының талаптарын орындамағаны үшін заң бұзушылық әрекеттері аумақтық сайлау комиссиясының комиссия отырысында қаралсын.  
  2. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» заңының 2 бабының 61 тармақшасына сәйкес жазба/фото,дыбыс және бейне-/ трансляцияға/тікелей эфирге шығуға/ ұқсас санат болып табылмайтындықтан,учаскелік сайлау комиссиясы мен байқаушылар заңнаманың сайлау учаскелерінен онлайн-бейнетрансляция жүргізуге жол берілмейтіні ескеріліп, байқаушының функциясы- дауыс беру күні нақты сайлау учаскесінде сайлауды байқау болатындықтан , сайлау барысын жариялау және тарату бұқаралық ақпарат құралдарының функциясы екендігі туралы ақпарат жұмыс барысында басшылыққа алу үшін аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларына  жолдансын.  
  3. Сарыағағаш аудандық полиция бөлімінен ««Facebook» әлеуметтік желісінде А.Батырбековтың жеке парақшасында жазылған бейне ролигіне байланысты 2021 жылы 21 қаңтарда келген хаты , «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14 бабының талаптарына, Сарыағаш аудандық прокуратурасынан өзгеріссіз осы мәтіндегі келген хатына байланысты, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңының 11 бабының талаптарына сәйкес қараусыз қалдырылып, жауап берілсін.
  4.  Сарыағаш аудандық прокуратурасынан «Facebook» әлеуметтік желісінде  «С-информ»  парақшасындағы Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жұмасай мен орынбасары Б.Майриховтың сайлау күнгі жасаған заңсыз іс-әрекеттеріне шара көру туралы жазған мәліметтерді тексеру барысында  өз дәлелін таппағандықтан, бірақ   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына жеткілікті түрде мән бермей, өздерінің өкілеттіктерін заң талаптарына сай толық орындамағандықтан Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Жұмасайға және орынбасары Б.Майриховқа қатаң ескертулер жариялансын.
  5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Түркістан қаласындағы 17 сайлау учаскелерінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы талаптарының бұзылуы туралы мәліметтерді анықтау барысында, жинақталған құжаттар мен түсірілген суреттердің негізінде дәлелін таппағандығы ескеріліп, аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссиясына барлық сайлау учаскелеріндегі орын алған кемшіліктерді жою жолдарын қарастыру тапсырылсын.
  6. Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы отырысының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 77 хаттамалық шешімнің көшірмесі Сарыағаш ауданының  прокуратурасына   жолдансын.
  7. Алдағы болатын сайлау науқандарында жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді болдырмау үшін тиісті шаралар көру жөнінде осы комиссиялық шешімнің көшірмелері барлық аумақтық сайлау комиссияларына жолдансын.                                                      

      Комиссия төрағасы                                     Ә.Өмірәлиев

      Комиссия хатшысы                                    О.Сағымбекова

 

Дата публикации
27 января 2021