Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Қазығұрт ауданының тұрғындарымен 09.10.2026 жылғы
кездесуінде көтерілген өзекті мәселелерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
|
Ауыз су саласы |
|||||
|
1. |
Алтын төбе а/о, Қаржан елді мекенінде Көктерек бұлағынан құбыр тарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда тоқтап тұр. Осы жұмыстар қашан аяқталады?
Қосағаш ауылының тұрғыны Абдикаймов Анарбай Темирбайулы |
Алтынтөбе а/о, Қаржан елді мекенін қосымша ауыз су көзімен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтауға қажетті қаржы қарап, нысан құрылысын пайдалануға тапсыру.
|
01.09.2027 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары З.Жолдасов
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |
|
Білім саласы |
|||||
|
2. |
Тұрбат ауылындағы «Т.Тула» мектебінің ескі ғимаратынан дәрігерлік амбулатория ашуға бола ма?
Тұрбат ауылының тұрғыны Кадиров Нұрлан. |
Тұрбат а/о, Тұрбат ауылындағы Т.Тула мектебінің ескі ғимаратын дәрігерлік амбулатория ретінде қайта құру бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізу.
|
01.12.2026 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары Е.Дауылбаев
Білім басқармасы
Денсаулық сақтау басқармасы
Құрылыс басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу
|
|
Табиғи газ саласы |
|||||
|
3. |
Өндіріс елді мекенінің қалып кеткен көшелеріне табиғи газ қашан тартылады?
Тұрбат ауылының тұрғыны Кадиров Нұрлан. |
Тұрбат а/о, Өндіріс елді мекенінде газ құбырлары жүргізілмеген көшелерге зерделеу жүргізіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныс енгізу. |
01.05.2027 ж. |
Облыс әкімінің орынбасары З.Жолдасов
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Ұсыныс енгізу
|
|
Жер қатынастары саласы |
|||||
|
4. |
Жыл басында Шығыс мөлтек ауданынан кезекте тұрған азаматтарға жер телімі үлестірілетіндігі туралы айтылған болатын. Алайда әлі күнге жер берілмеді. Осы жер қашан беріледі?
Қазығұрт ауылының тұрғыны Есенова Эльмира. |
Жыл соңына дейін Қазығұрт а/о, Қазығұрт ауылы бойынша жер кезегінде тұрған азаматтарға заңға сәйкес жер телімдерін бөлу. |
30.12.2026 ж. |
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Жер телімдерін бөлу
|
|
Жол саласы |
|||||
|
5. |
Сырлысай ауылындағы 6 көшенің жөндеу жұмыстары басталған. Алайда қазіргі таңда тоқтап тұр. Осы жолдардың жөндеу жұмыстарын бітіріп берсеңіздер?
Сырлысай ауылының тұрғыны |
Қақпақ а/о, Сырлысай ауылындағы Көктем, Нұра, Тұран көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау, Атамекен, Бйтерек, Келес көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын 2027 жылы аяқтау.
|
3 көше 25.11.2026 ж.
3 көше 30.09.2027 ж. |
Қазығұрт ауданының әкімдігі |
Нысанды пайдалануға беру |