Арыс қаласы

           Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің Арыс қаласының тұрғындарымен 07.10.2026 жылғы

кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлерді орындау бойынша іс-шаралар жоспары

 

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Ауыл шаруашылығы саласы

1.

Суғармалы жерім каналдың аяқ жағында орналасқан, ағын су келмейді. Каналдардың жөндеу жұмыстарының ертерек аяқталуына ықпал жасасаңыз.

 

Жиделі елді мекенінің тұрғыны
Беков Сабырхан.

Байырқұм, Жиделі ауылдық округтері аумағындағы каналдарды күрделі жөндеу жұмыстарын жандандырып, мерзімінде аяқтау.

 

27.12.2027 ж.

 

 

 

 

 

Облыс әкімінің

орынбасары

 

«Қазсушар» РМК

Түркістан облыстық филиалы

(келісімі бойынша)

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

Құрылыс саласы

2.

Байырқұм ауылында спортзалдың құрылысы    аяқталған. Осы спортзал пайдалануға қашан беріледі?

 

Байырқұм елді мекенінің тұрғыны Кадиров Мұрат.

Байырқұм елді мекеніндегі спортзал нысанын пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу.

02.11.2026 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға беру

3.

Дермене елді мекеніне клуб салынса екен.

 

Дермене елді мекенінің тұрғыны Әбдраманов Әбдіқадыр.

Дермене елді мекеніне клуб салу мәселесін зерделеп, ұсыныс енгізу.

02.11.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

 

Жол саласы

4.

Қаладағы Әл-Фараби көшесінің ортаңғы бөлігіндегі қоршаулар жол қозғалысына қолайсыздық туғызуда. Қоршауларды алып, жолды кеңейту мүмкіндігі қарастырыла ма?

 

Арыс қаласының тұрғыны Әмірбекова Дина.

Арыс қаласындағы Әл-Фараби көшесіндегі қоршауларды алып, жолды кеңейту және көшенің сәулеттік келбетін жаңарту жұмыстарын жүргізу.

01.08.2027 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай)

 

5.

Қаламыздың негізгі көшелерінің бірі Ергөбек көшесі жолының тозығы жеткен. Жолды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне ықпал етсеңіз.

 

Арыс қаласының тұрғыны Шылымбетов Бекзат.

Арыс қаласындағы Ергөбек көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу. 

 

01.10.2027 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

 

 

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат бөлінуіне қарай)

 

6.

Арыс пен Шымкент қалалары арасындағы жол тар. Сол себепті      жол-көлік оқиғалары көбеюде. Осы араға алты жолақты жол салуға ықпал етсеңіз.

 

Арыс қаласының тұрғыны Қошқаров Ақынбаба.

Арыс-Шымкент тас жолын кеңейту         (6 жолақты жол салу) мәселесі зерделеніп,  ұсыныс енгізілсін.

09.12.2026 ж.

Облыс әкімінің орынбасары

 

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Арыс қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

 

Коммуналдық шаруашылық саласы

7.

Қабылсай елді мекенінде электр желілерінің тозығы жеткен, ауа райының қолайсыздығынан жиі өшіп қалады. Электр желілері жаңартылып берілсе екен.

 

Қабылсай елді мекенінің тұрғыны Жақсылықұлы Ербол.

Монтайтас ауылдық округінің Қабылсай елді мекенінің электр желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтау.

01.12.2027 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай)

8.

№42 разъезде ауыз су сағатпен берілуде. Ауыз суды тәулік бойы үздіксіз беру мәселесін шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз.

 

№42 разъезд тұрғыны Кушукбаев Досымбек.

Монтайтас ауылдық округінің №42 разъезд елді мекеніндегі жеткізуші магистральдік су құбырының құрылысын  аяқтау.

01.12.2027 ж.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру (Қаражат бөлінуіне қарай)


9.

Талдықұдық тұрғын ауданына табиғи газдың келуіне ықпал жасасаңыз.

 

Арыс қаласының тұрғыны Ибраимова Ботакөз.

 

Арыс қаласының Талдықұдық тұрғын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын  жүргізу.

 

 

01.09.2027 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат бөлінуіне қарай)

 

10.

Тұрғын үйіме табиғи газдың қосылуына ықпал етсеңіз.

 

Арыс қаласының тұрғыны Анафияев Сапар.

Арыс қаласының тұрғыны С.Анафияевтің тұрғын үйіне табиғи газ қосу бойынша заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіп, нәтижесін баяндау.

12.10.2026 ж.

 «Өтебай газ Аймақ» ЖШС

(келісімі бойынша)

 

Арыс қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

 

11.

Арыс қаласы табиғи газға  әлі күнге дейін толық қосылған жоқ.

Ақымбеков көшесіндегі МПС №33, №34 екі қабатты тұрғын үйлер табиғи газға қосу ақысын төлеген, алайда газға қосылмаған. 

Қала аумағындағы табиғи газ құбырларының түбіне  орнатылған тіреу бағаналарының түбі бетондалмаған. Бұл жағдай қауіп төндіруі мүмкін.

 

Арыс қаласының тұрғыны Сатымбеков Марат.

Арыс қаласын газдандыру жұмыстарына комиссия талдау жасап, орын алған мәселелерді анықтап, нәтижесін баяндау.

 

09.12.2026 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

12.

Үйіміздің ауласында көкөніс егу үшін  бұрынғы «Теміржол су Арыс» ЖШС құбырынан беріліп жатқан су қалдырылса екен.

 

Арыс қаласының тұрғыны Шыналиев Әлімжан.

Арыс қаласындағы «Ақаба Сервис»  ЖШС тарапынан жаңадан жүргізілген су құбырларын пайдалануға беруді іске асыру.

01.12.2026 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

Телекоммуникация және байланыс саласы

13.

Саналы елді мекенінде ұялы байланыс пен интернет желісінің сапасы төмен. Байланыс пен интернет жылдамдығын жақсарту мәселесі қашан шешіледі?

 

Саналы елді мекенінің тұрғыны Нұралиев Бердалы.

 

Саналы елді мекеніндегі ұялы байланыс арнасы мен интернет жүйесіне тиісті операторлармен бірлесіп зерделеу жүргізіп, ұялы байланыс пен тұрақты әрі сапалы мобильді интернетпен қамтамасыз ету.

 

31.10.2026 ж.

Облыс әкімі аппаратының басшысы

 

Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

 

Денсаулық сақтау саласы

14.

Шымкент қаласындағы зағип жандарды емдейтін орталықта Арыс қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтарының ем қабылдауы үшін 2-3 палата бөлінсе және қаламызға көзге ине салатын дәрігер келсе, басқа қалаға барып шаршамас едік.

 

Арыс қаласының тұрғыны Құдайқұлов Серік.

Арыс қаласының тұрғыны С.Құдайқұловты Шымкент қаласындағы офтальмологиялық орталығында ем алуға тасымалдайтын инватаксимен қамтамасыз ету және көзге инъекция жасайтын дәрігер маманын дайындауды  ұйымдастыру.

01.12.2026 ж.

Обыс әкімінің бірінші орынбасары

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Заңға сәйкес мәселені қарау және нәтижесі бойынша ақпарат енгізу

 

15.

Қаламызда жаңа емхана соғыла ма?

 

Арыс қаласының тұрғыны Елбасы Жаңабай.

Арыс қаласынан жаңа емхана құрылысын салу бойынша жұмыс жүргізу.

27.12.2027 ж.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

З.Жолдасов

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

 

Облыстық құрылыс басқармасы

 

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат бөлінуіне қарай)

 

Өзге мәселелер

16.

Оңтүстік тұрғын ауданында Ә.Ақкөзов және Бастау көшелеріне былтырғы күзде жаңбырдан жолда су жиналып, жолдан өту мүмкін болмай қалған.

 

Арыс қаласының тұрғыны Анафияев Сапар.

Арыс қаласындағы Оңтүстік тұрғын ауданындағы Ә.Ақкөзов және Бастау көшелеріне  суағару орнату жұмыстарын жүргізу.

31.08.2027 ж.

Арыс қаласының әкімдігі

Нысанды пайдалануға беру

(Қаражат бөлінуіне қарай)

 

 

Дата публикации
16 октября 2026