Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №4 қаулысы

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының                                        2026 жылғы 13 қазандағы №4 қаулысы

 

 

Түркістан облыстық мәслихаты

депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының  2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысын басшылыққа алып, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларына жіберілсін.  

3. Осы қаулы Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

Төраға

 

А.Өсербаев

Хатшы

 

М.Базарқұлов

 


                                                                          

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №4 қаулысы
Дата публикации
13 октября 2026