Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Түркістан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат сандарының лимиті шегінде уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық-ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
2) Облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету:
3) Облыс әкімінің атқарушы және өкілетті органдарымен арақатынасын қамтамасыз ету
4) Облыс әкімінің өңірлерді дамыту бойынша өкілеттілігін іске асыруды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, облыс әкімінің наградаларымен наградтау үшін материалдар мен ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету;
5. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, қала және аудан әкімдерінен, ұйымдар мен мекемелерден тексеруге қажетті құжаттарды, ақпараттар мен өзге де материалдарды сұратып алуға;
2) белгіленген тәртіппен басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратынан келіп түскен өзге де құжаттарды, облыс әкімдігі қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде жазбаша және ауызша түсініктемелер, анықтамалар мен өзге де құжаттар алуға;
3) облыс әкімдігінің отырыстары мен облыс, қала және аудан әкімдері өткізетін мәжілістеріне қатысуға;
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қарау;
5) облыс әкімінің қатысуымен өтетін протоколдық-ұйымдастыру
іс-шараларын қамтамасыз ету;
6) Басқарма басшыларына, қала және аудан әкімдеріне олардың орындауы үшін міндетті болып табылатын кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар жолдайды;
7) заңда белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қала және аудан әкімдерінің және құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық ресурстарын пайдаланады;
8) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен бөлімнің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
9) Бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша қызметкерлерді қызметтік іс-сапарларға жіберу;
10) Заңнамаларда белгіленген басқа да міндеттерді атқарады.
6. Функциялары:
1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардан, сонымен қатар, аудан, қала әкімдерінен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, ауылдық округтер мен поселке әкімдерінен ақпарат және тағы басқада материалдар сұратады.
2) қалалар мен аудандардан, атқарушы органдардан келіп түскен ақпараттарды жинақтайды және өңдейді, олармен облыс әкімін, аппарат басшысын қамтамасыз етеді;
3) облыс әкімінің қатысуымен өтетін іс-шаралардың жүзеге асуын ұйымдастырады.
4) бөлім өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен құқық қорғау, салық, облыстық атқарушы органдардың өкілдерін және аудан, қала әкімі аппараттарының мамандарын облыс әкімдігінің мәжілісін ұйымдастыруға, сонымен қатар облыс әкімінің түрлі бағыттағы мәжілістерін дайындауға қатыстырады.
5) облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуына талдау жүргізеді, оның мерзімінде орындалуы бойынша қызметтік жазбалар, ұсыныстар мен ұсынымдар және басқа да құжаттар дайындайды.
6) облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде бақылау әдістемелері мен оны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Орындаушылық тәртіпті күшейтуге байланысты ұсыныстар енгізеді.
7) облыстық атқарушы және өкілетті органдармен экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды орындау жөнінде өзара қарым қатынас жасайды;
8) экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде ақпарат дайындайды;
9) аумақтардың облыс әкімінің қатысуымен шешуге жататын басты проблемаларын айқындайды, оларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарлардың жобаларын әзірлейді;
10) аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшыларына жүктелген міндеттердің сапалы және мерзімінде іске асырылу мәселесі бойынша ұсыныс дайындайды:
11) Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, облыс қалалары мен аудандары әкімдері аппаратының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Бөлім қызметін ұйымдастыру
7. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
8 Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
9. Бөлімнің басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
11. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды;