Түркістан облысы әкімі аппаратының инфрақұрылым
және құрылыс саласы мониторингі бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Түркістан облысы әкімі аппаратының инфрақұрылым және құрылыс саласы мониторингі бөлімі (әрі қарай – Бөлім) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
2) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бақылау жөніндегі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқамаларына қатысты тапсырмалардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарынан, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктерінен қажетті ақпараттар мен басқа да мәліметтерді сұратуға, мемлекеттік ұйымдармен хат алмасуға;
2) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында әрекет ететін облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қызметі мен құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) Бөлім тарапынан мониторинг жұмыстардың қорытындысымен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою мақсатында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдіктеріне анықтамаларды жолдауға құқылы;
4) Қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
1) Бөлім құзырындағы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және жоғары тұрған органдардың өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің жергілікті атқарушы органдарда, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда орындалуына мониторинг жүргізеді;
2) Облыстық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпараттық – талдау шолуларын дайындайды;
3) Бөлім құзырындағы мәселелері бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының,аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктерініңқұрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, бақылау жөніндегі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларының қызметін үйлестіреді және талдайды, қажетті жағдайда жергілікті жерлерге шығады;
4) Бөлімнің құзыреті шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мәселелерге қатысты, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, облыс әкімі актілерінің орындалуына талдау жүргізеді. Талдаудың қорытындысы бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін облыс әкіміне ұсыныс береді;
5) Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқару мақсатында облыс әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен, атқарушы органдармен өз құзыреті шегінде тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасайды;
6) Бөлімнің құзыреті шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың, жоспарлардың орындалу барысын үйлестіреді;
7) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек қауіпсіздігін бақылауы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы заңнаманың орындалуына ықпал жасайды, оның іс жүзінде қолданылуын талдап, қорытындылайды, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады;
8) Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;
9) Облыста маңызы бар мемлекеттің қолдауындағы жобалар мен бағдарламалардың барлық түрлері бойынша ұсыныстар дайындайды;
10) Апта сайынғы облыс әкімінің жұмыс кестесін қалыптастыру үшін, облыс әкімінің қатысуын қажет ететін мәжілістерді өткізуді ұсынады және өткізу форматын облыс әкімі аппаратының басшысымен келіседі, ол оны облыс әкімінің түпкілікті бекітуіне енгізеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бөлім қызметін ұйымдастыру
7. Бөлімге тікелей басшылық жасауды облыс әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады
8. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады
9. Бөлімнің басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады
10. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді
11. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды;
12. Бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес айқындалады.