Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Баспасөз қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Баспасөз қызметінің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат сандарының лимиті шегінде уәкілетті лауазымды тұлғамен бекітіледі.
2. Баспасөз қызметтің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
4. Мақсаты:
Облыс әкімнің және әкімдіктің қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) арқылы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру
5. Құқықтары мен міндеттері:
1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінен сұратуға;
2) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің жобаларын және құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарды әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау үшін басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
3) мемлекеттік орган және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (әрі қарай- атқарушы органдар), соның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлейтін Қазақстан Республикасы құқықтық кесімдердің және заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысуға;
4) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде, берілген сенім хат шеңберінде оның мүдделерін білдіруге.
6. Функциялары:
1) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.
2) облыс әкімі мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету, Түркістан облысы әкімінің баспасөз мәслихаттарын өткізу.
3) әкім аппаратының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат құралдарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқару, бағыт - бағдар беру.
4)мерзімді басылымдар, теле - радио компанияларының басшылары, ақпараттық агенттіктер, биліктің атқарушы және өкілді баспасөз қызметтерімен ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен облыстың өзге де мемлекеттік органдарының редакторларымен өзара тығыз байланыс орнату.
5)БАҚ-қа арыздар мен хабарламаларды, облыс әкімінің қатысуымен өтетін баспасөз брифингтер мен баспасөз конференцияларын дайындау.
6)облыс әкімінің көпшілік алдында сөйлеген сөздерін, мақалаларын, сұхбатқа тезистерді дайындау.
7) "Түркістан облысы әкімінің аппараты" интернет-порталын жүргізу, жалпы бақылау, ақпаратты уақтылы жаңарту, безендіру, жаңалықтар блогы үшін мәтіндерді дайындау.
8) облыс әкімінің жеке блогына түсетін азаматтардың өтініштерін тіркеу, жауап дайындау.
9) облыс әкімінің төрағалығымен өтетін кеңестерге қатысу, БАҚ үшін ақпараттық хабарламалар дайындау.
10) облыс әкімінің төрағалығымен өтетін ашық және көшпелі мәжілістерде БАҚ-пен жұмыс жасау.
11) аймақтық және республикалық БАҚ-тағы сыни және теріс материалдар бойынша жұмыс жасау.
4. Баспасөз қызметтінің қызметін ұйымдастыру
7. Баспасөз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
8. Баспасөз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
9. Баспасөз қызметінің басшысы бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10. Баспасөз қызметінің басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
11. Баспасөз қызметінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.