Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштердің
қаралуын бақылау бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ облыс әкімінің шешімдерін, қаулылары мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің штат санын Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
4. Мақсаты:
1) жеке және заңды тұлғалардың: қағаз түріндегі, оның ішінде «Қазпошта» акционерлік қоғамы арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол, электрондық форматта «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, «Документолог» бұлтты құжат айналым жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштерін алдын ала қарау, қабылдау және тіркеу;
2) мәселелердің сипатын анықтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына жіберу немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;
3) облыс аумағында, оның ішінде аудандық/қалалық деңгейдегі мемлекеттік мекемелерге жіберілген жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
4) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыру;
5) аудандық/қалалық жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығы, Қазақстан Республикасы Премьер Министрі, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты және жоғары тұрған органдар арқылы түсетін жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау шеңберінде берілген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
5. Құқығы мен міндеттері:
1) осы Ережеде көзделген өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан сұратуға;
2) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және орталық мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау бөлігінде бақылаудағы тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және мемлекеттік органдардың жауапты орындаушыларымен өзара іс-қимыл жасауға;
3) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен өтініштердің қаралуын бақылауды ұйымдастыру, жетілдіру бағытындағы жұмыстарды үйлестіру үшін облыстық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін тартуға;
4) облыс әкімі аппараты басшысының келісімімен облыстық атқарушы органдардың өтініштерді уақытылы қабылдауы, қарауы, сондай-ақ оларға жолданатын жауаптарды келісу, қол қою тәртібіне сәйкес орындалуына талдау жасауға;
5) облыс әкімі аппаратында, облыстық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің талаптарының бұзылуына, басқа да кемшіліктеріге жол берген жауаптыларға тәртіптік жаза қолдану туралы облыс әкімі аппараты басшылығына ұсыныс енгізуге;
6) мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптары сапасыз орындалған жағдайда Бөлімнің құзыреті шеңберінде оларды пысықтауға жіберуге;
7) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және арыз берушілерге жауаптар жолдауға;
8) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсетуге;
9) Бөлім құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жауаптарының сапасын талдауға;
10) орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізуге.
11) өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;
12) өз құзыреті шегінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен сарапшылық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен жоғары қоғамдық резонанс тудыратын маңызды мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтарын құруға бастамашылық жасау;
13) құқық қорғау блогының – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының және сот кеңселерінің өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
14) келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
15) өтініштерді контент-талдау және арыз берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;
16) аудандар/қалалар бөлінісінде проблемалық мәселелерді мониторингілеу, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру;
17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
18) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мен өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі құқықтық актілерді және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
19) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын жарты жылда бір рет дайындау.
6. Функциялары:
1) облыс әкімінің, оның орынбасарларының және әкім аппараты басшысының алдын ала жазылу бойынша қабылдауды жүзеге асыру үшін жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кезінде облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын қажеттілік болған жағдайда қамтамасыз ету;
3) азаматтарды қабылдау орталықтарында, облыс әкімі аппаратында не аудан/қаланың басқа елді мекендерінде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында жеке қабылдауды қажеттілік болған жағдайда ұйымдастыру;
4) аудан/қала әкімінің, оның орынбасарларының және аудан/қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында тұрақты көшпелі қабылдауларын ұйымдастыру;
5) аудандық/қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысын мониторингтеу;
6) облыс әкімі аппаратының, аудандық/қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелеріндегі түскен тапсырмалардың іске асырылуы бойынша жолданымдарды қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;
7) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты басшылығының, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, атқарушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты Басшысының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының, аудандық/қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
9) жергілікті атқарушы органдардың, аудандар/қалалар әкімдерінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша есептік алқалы іс-шараларына қатысу;
10) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі менҚазақстан Республикасы Үкімет Аппараты, жоғарпы тұрған органдарға нақты өтініштер бойынша тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау;
11) азаматтарды қабылдау орталықтарының, фронт-кеңселердің, call-орталықтардында халықпен кері байланыс бөлігіндегі жұмысын үйлестіру, келушілерге талдау жасау, басшылыққа ұсыныстар енгізу;
12) аудандық/ қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысын мониторингтеу;
13) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының шеңберінде жиі қойылатын сұрақтарға талдау жасап, ресми интернет ресурстарды ақпаратпен толықтыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, баспасөз қызметіне жолдау;
14) Түркістан облысы бойынша Бірыңғай білім базасын толтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау жасау, ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету;
15) «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің мониторинг карталарында өтінімдерді рәсімдеу, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, талдау және мониторинг жүргізу.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
7. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
8. Бөлімді Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
11. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.