Түркістан облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және халықаралық байланыстар бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Түркістан облысы әкімі аппаратының жобалық кеңсе және халықаралық байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2-тарау. Бөлімніңмақсаттары, құқықтары мен міндеттері
4. Мақсаттары:
1) жобалық басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқарудың әдіснамасы мен нормативтік құқықтық негізін дамытуды жүзеге асыру;
3) жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру, оны мемлекеттік басқаруға енгізу;
4) облыстың халықаралықжәнесыртқыэкономикалықбайланыстарындамыту,оңимиджінқалыптастыру;
5) облыстың халықаралық қатынастары саласындағы заңдардың,өзгеденормативтік–құқықтықактілердіңжобаларындайындауғақатысу;
6) облыстың сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту мен нығайтудыжеделдетуүшінқолайлыинвестициялықахуалқұру.
5.Құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату;
2) өзінің мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Әкімдіктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы мәжілістерге қатысу;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Әкімдіктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;
4) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Әкімдіктің басшылығына ұсыныстар енгізу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
6. Міндеттері:
1) Бөлім жұмысының бағыттарына сәйкес келетін мәселелерді талқылау кезінде облыс әкімдігінің кеңестері мен отырыстарына қатысады;
2) жобалық басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
3) жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге қатысады;
4) мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқаруды дамыту бойынша әдіснамалық ұсынымдар әзірлеуге қатысады;
5) жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді басқару жөніндегі стандарттарды әзірлеуге қатысады;
6) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге және дамытуға қатысады;
7) мемлекеттік органдардың жобалау персоналын басқару жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
8) «Qazaqstan Project Management Awards» жобалық басқару бойынша жыл сайынғы ұлттық конкурсына қатысуды қамтамасыз етеді;
9) Бөлім қызметі шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысуды және оларға басшылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
10) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда және бірлестіктерде өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындайды;
11)қажет болған жағдайда Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға қатысады;
12)жобалық басқарудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөнінде ұсыныс енгізеді;
13)бастамаларды, жобаларды, бағдарламаларды, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органдардың портфельдерін басқару жөніндегі процестердің жобалық басқару әдіснамасына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
14)қол жеткізілуі жалпыұлттық басымдық шеңберінде бағдарламада көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізудің автоматтандырылған онлайн-мониторингін және рейтингтерін жүргізеді;
15)іске асырылатын жобалардың стратегиялық мақсаттарға және түпкілікті қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізудегі салым үлесін талдау үшін жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жалпыұлттық басымдық мақсаттарының картасын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
16)облыс аумағында орналасқан тиісті қалалардың, аудандардың, ауылдық округтердің, кенттердің, ауылдардың жобалар топтарына тұтас өңірдің нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерінің төмен тұрған деңгейге декомпозициялануын қамтамасыз етеді;
17)жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі интерактивті онлайн-дашбордтар негізінде қол жеткізілуі өңірлерді дамыту жоспарында көзделген ұлттық түйінді индикаторларға қол жеткізу бойынша өңірлердің жедел мониторингін және салыстырмалы рейтингін жүзеге асырады және жүргізеді;
18) жобалар топтары жетекшілерінің, жобалар жетекшілерінің жобалау қызметінің нәтижелеріне рейтингтік бағалау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша басқарушы комитетіне жобалар топтарының жетекшілерін, жобалар жетекшілерін көтермелеу/жазалау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
19)мемлекеттік органдарды мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезінде жобалық басқаруды енгізу және дамыту жөніндегі әдіснамалық қолдаумен қамтамасыз етеді;
20)білім беру және қоғамдық ұйымдар және жобалық басқару жөніндегі мамандардың кәсіптік қоғамдастықтары арқылы жобалау персоналының құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді;
21)облыстың алыс және жақын шет елдер арасындағы ынтымақтастық туралы шарттары мен келісімдерін, хаттамалары мен басқа да құжаттарын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
22)облыстың халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстарының жай-күйі мен дамуы туралы ақпаратты жинақтап, талдайды;
23)облыс әкімдігініңжақынжәнеалысшетелдердің муниципалдық органдарымен екіжақты ынтымақтастық орнатужөніндегікелісімдердіңжобаларындайындаудыжүргізеді;
24)аппаратөкілдеріншетелгеіс-сапарғажіберуүшінвизаларменқұжаттардыресімдейді;
25)келушілер мен делегациялардың хаттамалық-ұйымдастыру іс-шараларының және бағдарламалардың жоспарларын ұйымдастырылуының орындалуын бақылайды;
26)шетелдік делегациялардың қатысуымен іскерлік-форумдар, конференциялар және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады;
27)кездесулерді, конференцияларды және халықаралық ынтымақтастықтың басқа да нысандарын өткізу рәсімдерін дайындайды;
28)шетелдіктерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізеді және халықаралықынтымақтастықжелісібойыншаіс-шараларұйымдастырады;
29) облыс әкімдігібасшылығыныңшетелдікделегацияларменкездесулерінематериалдардайындайды;
30)облыс әкімдігібасшыларыныңшетелгесапарларындайындайды;
31)Түркістан қаласыныңәуежайындашетелдікделегациялардың(мемлекеттер, үкіметтер мен қалалар басшыларының, шетелдік ұйымдар менкомпанияларөкілдерінің) қарсы алуды және шығарыпсалудыұйымдастырады;
32)облыстың халықаралықұйымдардыңқызметінеқатысуыбойыншажұмысжүргізеді;
33)Бөлім құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
7. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
8. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
11. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.