Положение о финансово-хозяйственном отделе аппарата акима Туркестанской области

 

Түркістан облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі  туралы ереже

Жалпы ережелер

 

1. Түркістан облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, өзге де  нормативтік-құқықтық актілерін, облыс әкімдігінің  қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімі аппаратының Ережесі мен регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         3. Бөлімнің  сандық құрамы мен құрылымы облыс әкімі аппаратының штат құрылымымен бекітіледі.

 

Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

4. Мақсаты:       

1) Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалуын;

 2) Кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайын, ақшалай қаражаттар мен материалдық  құндылықтардың сақталуын бақылау үшін облыс әкімінің аппаратын, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

 5. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде атқарушы органдардан, қала және аудан әкімдерінен қажетті ақпарат пен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

         2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс әкімі аппаратының бөлімдерінде, қызметтерінде, атқарушы органдарда, сондай-ақ қала және аудан әкімдерінің аппараттарында бар ақпараттық деректер қорын пайдалануға;

         3) бөлімнің өкілеттіктеріне қатысты мәселелерді шешу кезінде атқарушы органдардың, қала және аудан әкімдері аппараттарының қызметкерлерін жұмысқа тартуға;

         4) бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға құқығы бар.

6.Функциялары:

1) құжаттардың уақтылы және дұрыс рәсімделу барысын және  жүргізіліп жатқан операциялардың заңдылығын алдын ала төлемеуін камтамасыз етеді және  іске асырады;

2) міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, берілген рұқсат шегінде міндеттемелерді қабылдау барысында жұмыстарды іске асырады, белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, бекітілген бюджеттік  бағдарлама  және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақшалай қаражат пен материалдық құндылықтардың сақталуының есептілігін қамтамасыз етеді;

3) жалақыны мерзімінде есептейді және береді;

4) қаржыландыру жоспарларын орындау барысында пайда болған  ұйымдармен және жеке тұлғалармен есеп айырысуларды уақтылы жүргізеді;

5) ақшалай қаражатты, есептерді, материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады, түгендеу қорытындылары мен олардың есепте көрсетілуін дер кезінде және дұрыс айқындайды;

6) материалдық жауапты тұлғалармен, олардың жауапкершілігінде сақтауда тұрған құндылықтарды  есепке алу және сақтау мәселесі бойынша нұсқамалық өткізеді;

7) белгіленген мерзімде бухгалтерлік есептіліктерді жасап ұсынады;

8) қаржыландыру жоспарлары мен оның есептеулерін жасайды және  келіседі;

9) активтердің, құны арзан және тез тозатын заттар мен басқа да  материалдық  құндылықтардың,  олардың  пайдалану орындарында сақталуын  жүзеге асырады;

10) есепке алу және  есептілікті жүргізу  мәселесі бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқаулықтарды, бухгалтерлік қызметтің құзырына жататын өзге де нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке  алады;

11) мемлекеттік сатып алудың белгіленген тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді.

12) мемлекеттік сатып алудың жоспарын мемлекеттік сатып алу порталына дайындап орналастырады.

13) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына айында бір реттен артық емес өзгерістер мен толықтыру енгізеді.

14) бірыңғай ұйымдастырушыға тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алу  туралы ақпарат ұсынады.

15) мемлекеттік сатып алу тәртібі бойынша тауар, жұмыс және қызметті мемлекеттік сатып алудың  типтік келісім шартына сәйкес электронды цифрлық қол таңбасымен расталған веб-портал арқылы келісім шарт жобасын жеңімпазын жолдайды.

16) есеп саясаты бойынша құжаттарды, машинамен өңделген есепке алынған деректер бағдарламаларын, олардың есептеулерін сақтайды, сондай-ақ оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізеді;

17) есепке алу-есептеу жұмыстарын мұрағатқа өткізеді;

18) сайлауларды;

«Қазақстан Республикасы Президенті сайлауларын, мәслихаттардың партиялық тізімі негізінде сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда Парламент депутаттарын»,

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары сайлауын өткізуге», 

«Қазақстан Республикасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін»,

«Мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге» арналған бюджет қаражатын бухгалтерлік есепке алады және есептейді.

 

Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

7. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.

8. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

9. Бөлімнің басшысы бөлімнің  қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

10. Бөлімнің  басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.

11. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды

Положение о финансово-хозяйственном отделе аппарата акима Туркестанской области
Дата публикации
09 октября 2026