Түркістан облысы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Түркістан облысы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Түркістан облысы аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылды.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
2-тарау. Бөлімніңмақсаттары, құқықтары мен міндеттері
4. Мақсаттары:
1) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстау;
2) Облыс аумағында цифрландыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру;
3) ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
5.Құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Әкімдіктің басқа бөлімшелері, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;
3) өзінің мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Әкімдіктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы мәжілістерге қатысу;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Әкімдіктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүддесін білдіру;
5) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Әкімдіктің басшылығына ұсыныстар енгізу;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
6. Міндеттері:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
2) ақпаратты қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарының орындалуын бақылайды;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында нормативтік әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелерін құру мен дамыту үшін әдістемелік қорды, ақпараттық жүйелердің өзара ақпараттық іс-қимыл ережесін әзірлеу және дамыту бойынша іс-шараларды мониторингілеу және ішкі бақылау шараларына қатысады;
4) аппараттың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруды үйлестіру жұмыстарын мониторингілейді;
5) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және бағынысты ұйымдармен өзара әрекеттесу қызметін ұйымдастыру жұмыстарын мониторингілейді;
6) ақпараттық қауіпсіздікті бұзуға байланысты оқиғалар мониторингі
мен мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізеді;
7) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жұмыстарын мониторингілейді;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
10)ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды мониторингілейді және талдайды;
11)ақпараттық коммуникациялық технологияларды - активтерінің пайдаланылуын есепке алу мен талдау жөніндегі іс-шараларға қатысады;
12)әкімдіктің стратегиялық жоспарына ақпараттандыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
13)өнім берушілердің ақпараттандыру саласындағы көрсетілетін қызметтердің шарттарда көзделген сапа деңгейін қамтамасыз етуін бақылауды;
14)ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқығалары және ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті қауіп-қатерлері туралы ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;
15)электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйін үйлестіруді жүзеге асырады;
16)серверлік ғимараттың күйін, пайдалану шарттарын және физикалық периметріне мониторинг жұмыстарын ұйымдастырады;
17)ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, жергілікті есептеу желісінің серверлік және басқа да құрылғылар бойынша қызмет көрсетуші ұйымдардың өзара әрекеттесу мен олардың жұмысын үйлестіреді;
18)жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік сұрақтары бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
19)ақпараттық қауіпсіздік талаптарды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсетулерді әзірлеу, дамыту және жетілдіру бойынша техникалық құжаттарды және/немесе техникалық ерекшеліктерді келісу және бекіту, ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылауды іске асырады;
20)облыс әкімінің аудан, қала тұрғындарымен есептік кездесулерін әлеуметтік желіге тікелей эфир арқылы трансляциялау бойынша техникалық ұйымдастыруын қадағалайды;
21)облыс әкімдігінің бейне-байланыс конференциясы режимі арқылы өтетін жиналыстарды (лездемелік аппараттық мәжілісті) техникалық ұйымдастыруын қадағалайды;
22) облыс әкімі аппараты мен аудан, қала әкімдіктерінің ресми сайтына мониторинг жүргізіп, деректердің өзектендірілуін қадағалауды қамтамасыз етеді;
23) Бөлім құзыреті шегінде кіріс және шығыс хат-хабарлар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды
24) Жергілікті атқарушы органдарға тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
7. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
8. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
10. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
11. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.