Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі туралы Ереже

1. Жалпы ереже

 

1.  Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі)  Түркістан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады

2. Персоналды басқару қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

3. Персоналды басқару қызметінің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.

 

1.     2. Персоналды басқару қызметінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

         4. Мақсаты: 

Түркістан облысы әкімінің аппараты, аудандары және қалалары әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар персоналын басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, 

5. Құқықтары мен міндеттері:

1) Түркістан облысының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар персоналын басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

2) Түркістан облысы әкімінің аппараты, аудандары және қалалары әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

3) Түркістан облысы әкімінің аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

4) Түркістан облысы әкімінің аппаратының кадр
мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.

5) Түркістан облысы әкімінің аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

6) Түркістан облысы әкімінің аппаратында кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;

7) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

8) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

9) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды  жүргізуді ұйымдастыру.

10) Түркістан облысы әкімінің аппаратында еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;

11) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;

12) Түркістан облысы әкімінің аппараты, аудандары және қалалары әкімдері аппараттары мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру.

13) Персоналды басқару қызметі Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

 

3. Персоналды басқару қызметінің қызметін ұйымдастыру

 

7. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.

8. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

9. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

10. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.

11. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

Ереже "Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі туралы"
Дата публикации
08 октября 2026