СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі
|
|
1.
|
Сумен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету жүйелері. Ерекше маңызды су көздері тізімін (эксплуатациялық су кездері) жаңарту кезінде пара мен ықпал, тарифтерді белгілеуде өңірлік қызыры бар органмен келісуде пара ұсыну; Суды (жерасты, беткей) өндіру бойынша сатып алу кезінде бағаны жасанды түрде көтеру; сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру, басқа жобаларға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру; экологиялық талапты бұзу (су сапасын жасыру). Ауыз су құнын субсидиялау барысында есептілікті өзгерту не бұрмалау мүмкіндіктері. |
Ұсынылған есептерді бастапқы құжаттармен салыстыру. Іріктемелі тексерулер жүргізу. Субсидиялау процесін толық цифрландыру. Зертханалық нәтижелер мен есептерді тұрақты жариялау. |
Субсидиялаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі, негізсіз төлемдердің алдын алу күшейтіледі. |
|
Ай сайын. |
|
2. |
Газбен қамтамасыз ету. Газбен қамтамасыз ету бағдарламасына қатысты тендерлерде фавориттік жеңіс, газ өткізгіш құрылыстары монраждау кезінде сапасыз материалдық сатып алу; сұйытылған газ нормаларын бөлуде қажетті жеткізушілерге (жеке меншік мекемелерге) басымдық беру. |
Газ бөлу комиссиясының шешімдерін толық хаттамалау. Бөлу нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу. Комиссия құрамын жыл сайын жаңарту. Бөлуді цифрлық бақылау құралдары арқылы жүргізу. |
Газ бөлу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі, заңсыз артықшылықтардың алдын алу күшейтіледі. |
|
Тұрақты |
|
3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен абаттандыру. МЖӘ-конкурстарын өткізу барысында кейбір жеке меншік мекемелерге басымдық беру. |
Орындалған жұмыстарды техникалық және авторлық қадағалау қорытындысымен қабылдау. Фото және бейнефиксация жүргізу. |
Құжаттарды келісу және қабылдау рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы күшейтіледі. |
|
Тұрақты |
|
4. |
Мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік. Тендерлік және конкурстық рәсімдерді бұрмалау (мерзімді өткізбеу, жеңімпазды «жою» сияқты схемалар), жоба құжаттарын бақылаусыз қабылдау; техникалық стандарттарды көтермелеу (жобаның нақты сапасын төмендету); жоспарды игеру құнын артық көрсетіп қыру (CAD мәселелері); әкімшілік ресурсты пайдалана отырып байқауға қатысамын деп жүрген қатысушыларды сүріп қалдыру.Бағалау нәтижесі бойынша барлық анықталған тәуекелдер тәуекелдер картасына енгізілді. Жоғары және орташа деңгейдегі тәуекелдер тізімі төмендегідей (бірнеше мысал): |
Техникалық ерекшеліктерді бірнеше құрылымдық бөліммен келісу. Конкурстық рәсімдердің ашықтығына ішкі мониторинг жүргізу. Сатып алу рәсімдерін электрондық форматта жүргізу. Конкурс қорытындыларына ішкі аудит жүргізу. |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығы артады, бәсекелестік қамтамасыз етіледі. |
|
Тұрақты |