СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі
|
|
1.
|
Мәдениет және өнер мекемелері директорларының лауазымдарына конкурс өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №118 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау, аттестаттау және оның кандидатурасын келісу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.e-qazyna.kz) жарияланып, бос директор лауазымдарына конкурстық рәсімдер жүргізіледі. Алайда қолданыстағы заңнамада мәдениет және өнер ұйымдары директорының міндетін уақытша атқаруды жүктеу мерзімі нақты регламенттелмеген. Осыған байланысты мемлекеттік кәсіпорын басшысының бос лауазымының ұзақ уақыт бойы конкурс өткізілмей қалуы және уақытша міндет атқарушы тұлғаның белгісіз мерзімге қызмет атқаруы бос лауазымға конкурс өткізуді созбалаңға салу тәуекелін туындатады. Аталған жағдай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына ықпал етуі мүмкін. |
Мәдениет және өнер мекемелерінің директоры бос лауазымдарын уақтылы толтыруды қамтамасыз ету, конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру және директор міндетін уақытша атқару кезеңінің негізсіз ұзартылуына жол бермеу мақсатында бос лауазым пайда болған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде конкурс өткізуді көздейтін ішкі ереже әзірлеп, бекіту |
Ұсыныс хат жолдау
|
|
Қыркүйек 2026 ж |
|
2. |
Түркістан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер ұйымдарының бірінші басшыларына қатысты ротациялау қағидаларын әзірлеп, комиссия қарауына ұсыну және бекіту. Іске асыру барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау |
Түркістан облысы мәдениет басқармасының мәдениет және өнер ұйымдарының бірінші басшыларына қатысты ротациялау қағидаларын әзірлеп, комиссия қарауына ұсыну және бекіту |
Ұсыныс хат жолдау |
|
Қазан 2026 ж |
|
3. |
Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылатын байқауларға шақырылатын кәсіби қазылар алқасы мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерлерінің бірыңғай көрсеткіштерін бекіту |
Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде ұйымдастырылатын байқауларға шақырылатын кәсіби қазылар алқасы мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшерлерінің бірыңғай көрсеткіштерін бекіту |
Ұсыныс хат жолдау |
|
Қазан 2026 ж |