СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұ сынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі
|
|
1.
|
Қағиданың 275-тармағына сәйкес, конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған жағдайда жеңімпаз мынадай кезектілікпен айқындалады: 1.Қаржылық орнықтылық көрсеткіші жоғары қатысушы; 2.Егер ол тең болса-ағымдағы қаржы жылында сатып алу нысаасына сйкес жасалған шарттардың жалпы сомасы аз қатысушы; 3.Олда тең тең болса-қолданыстағы шарттарының саны аз қатысушы; 4.Барлық көрсеткіштертең болған жағдайда-конкурсқа өтінімді бұрын жолдаған қатысушы. Іс жүзінде техникалық қадағалау қызметі, ағымдағы жөндеу жұмыстары, жобаларды басқару, қала құрылысы бойынша конкурстарды әлеуетті өнім берушілер максималды көрсеткіштерге ие болып, жеңімпаз өтінімді ең бірінші болып жіберген қатысушы болып табылады. Мониторинг барысында кейбір жеңімпаздардың өтінімді қабылдау басталғаннан кейін небәрі 10-20 секунд ішінде жолдайтыны анықталды. Мұнадай қысқа уақыт ішінде өтінімді рәсімдеу және жіберу іс жүзінде өте қиын. Бұл өтінімдерді арнайы программисттермен сөз байласу арқылы автоматтандырылған бағдарламалар (боттар) арқылы жіберу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату ықтималдығын көрсетеді. |
Осыған орай, барлық көрсеткіштер тең болған жағдайда конкурсқа өтінімді басқалардан бұрын жолдған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз атанады деген талапты жойып, өзге бәсекелестік тудыратын талаптар орнату ұсынылады. Атап айтқанда, алдыңғы жылы сатып алу нысанасына сәйкес жсалған шарттардың жалпы сомасы аз қатысушы. |
Ұсыныс хат |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне жолданған ұсыныс |
2026 жылдың |
|
2.
|
Басқармамен 2025 жылы Ветеринария басқармасына жылқы сақауына қарсы вакцина сатып алу 8 рет өткізіліп, конкурстар өтпеді деп танылған. Барлық конкурстарға 2-3 өнім берушілер қатысқан. Оның ішінде 1 ғана өнім берушінің тауары сәйкес деп танылған. Алайда басқа қатысушылардың өнімдері конкурстық құжаттамаға сәйкес келмеуіне байланысты 2025 жылғы қараша айына дейін барлық 8 конкурс өтпеді деп танылған. Тапсырыс берушіге қажетті тауарлар жеткізілмеді, жылқы сақауы дертін алдын алу қамтамасыз етілмеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындату ықтималдығын көрсетеді. |
Қазақстан Республикасы Қаржы минстрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығына келесідей толықтыру енгізу ұсынылады: Ұлттық режиммен өтетін сатып алуларда екінші рет өткізілген конкурсқа бірнеше қатысушы болып, бірақ олардың ішінен тек біреуінің ғана конкурстық құжаттамасы сәйкес келсе, сол өнім берушіні бірден жеңімпаз деп тану тетігін қалыптастыру. Бұл өзгеріс құжаттамасы сай келетін өнім берушінің әкімшілік ауыртпалығын азайтады. Сонымен қатар, жарамдылық мерзімі шектеулі тауапларды (масылы, вакциналарды) сатып алу процедураларын айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді. |
Ұсыныс хат |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне жолданған ұсыныс |
2026 жылдың |
|
3. |
Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес, конкурстық құжаттаманы бекітудің міндетті негізгі шарты әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімі болып табылады. Бұл рәсімнің мақсаты-конкурс түпкілікті басталғанға дейін артық талаптар мен қателіктерді анықтап, оларды заң аясында түзету. Бүгінгі таңда, әлеуетті өнім берушілер тарапынан алдын ала талқылауға воб-портал арқылы 1 конкурсқа 5-10 мыңға жуық ескертулер мен сұрақтар келіп түсуде. Атап айтқанда, әлеуетті өнім берушілер тарапынан автоматтандырылған жүйелерді (боттарды) қолдану арқылы тек 1 конкурсқа бір мезетте 5000-нан астам ескертулер келіп түсуде Тәуекел: Веб-порталда автоматтандырылған жүйелер (боттар) арқылы 5-10 мың қайталанатын ескертулердің жаппай түсуі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес 2 жұмыс күндік мерзімде жалғыз конкурстық комиссия хатшысының уәжді жауап әзірлеуіне физикалық тұрғыдан мүмкіндік бермейді. Бұл лауазымды тұлғаға әкімшілік айыппұл салыну, сатып алу рәсімдерінің негізсіз созылу және бөлінген бюджет қаражатының белгіленген мерзімде игерілмей қалу (бюджеттік заңнаманың бұзылуы) тәуекелін тудырады. |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне бір әлеуетті өнім берушіге (бір БИН/ЖСН-ге) бір конкурс шеңберінде жолдай алатын ескетулерінің ең көп санын 1 сұрақтан асырмау жөнінде шектеу ұысынысын жолдау. Сондай ақ, портал деңгейінде мәтіні 80-90% ұқсас келетін немесе бірдей сұрақтарды автоматты түрде қабылдамайтын сүзгі (фильтр) орнату. Сонымен қатар, егер ескертулердің жаппай түсуіне байланысты техникалық форс-мажор немесе спам-шабуыл фактісі расталса, конкурстық комиссия хатшысын мерзімді бұзғаны үшін ӘҚБтК (КоАП) бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босату нормасын енгізу. |
Ұсыныс хат |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне жолданған ұсыныс |
2026 жылдың |
|
4. |
Аудандық білім бөлімдерінен келетін қызметтерге бірыңғай типтік біліктілік талаптарын бекіту (масыл: Қарауыл қызметіне бекітілген). Сол секілді оқушыларды тасымалдау, жазғы лагерь қызметі, тамақтану ұйымдастыру және т.с.с. қызметтерге бірыңғай біліктілік талаптар дайындау. Тәуекел: Тапсырыс берушілер артық немесе мүлдем талаптарды қоймауынан конкурстар өтпеді болып танылуы және қызметтердің біліктілігі жоқ әлеуетті өнім берушілер ұтып алып орындамауын, сапасыз орындаудың алдын алу. |
Материалдық ресурстар: Бағыттар мен көлемге сай келетін қажетті сандағы және сыйымдылықтағы автобустар (шағын автобустар). Көліктің балаларды қауіпсіз тасымалдау заңнамасына сәйкестігі, әр балаға жеке отыратын орынның болуы және «Балаларды тасымалдау» айырым белгілермен жарықтандырылуы. Еңбек ресурстар: Заңнама талаптарына сай жасы, жүргізуші куәлігінің санаты мен еңбек өтілі бар жүргізушілер; Жол қозағлысы қауіпсіздігі мен көлікті пайдалануға жауапты тұлғалар. |
Ұсыныс хат |
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне жолданған ұсыныс |
2026 жылдың |