Қоғамдық даму басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі

 ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1.

 

 Мекемеде қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу, еңбек тәртібінің сақталуын бақылау және табельдік есепті жүргізу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығы болуы мүмкін.

Тәуекел қызметкерлердің нақты жұмыс уақытын дұрыс көрсетпеу, жұмыс орнында болмаған кезеңдерңн негізсіз жұмыс уақыты ретінде белгілеу, жекеленген қызметкерлерге субъктивті түрде жеңілдік жасау немесе еңбек тәртібін бұзу фактілерін жасыру жағдайларынан туындауы мүмкін. Сонымен қатар табельдік есепті қалыптастыру кезінде жауапты тұлғалардың жеке мүддесі үшін қызметтік өкілеттіктерін пайдалануы, белгілі бір қызметкерлерге негізсіз артықшылықтар беруі немесе бақылау рәсімдерін толық көлемде жүзеге асырмауы мүмкін. Мұндай жағдайлар қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу процесінің ашықтығы мен әділдігіне  кері есер етуі мүмкін. Нәтижесінде нақты орындалмаған жұмыс уақыты үшін қаржылық төлемдердің жүргізілу қаупіне алып келеді. Бұл жағдайлар бюджет қаражатын тиімді және мақсатты пайдалану қиғаидаттарының бұзылуына, сондай-ақ уәкілетті органдар тарапынан тексеру жүргізілген жағдайда қосымша тәуекелдердің туындауына әкелуі мүмкін.

Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу және табельдік мәліметтерді қалыптастыру процесіне бақылауды күшейту, жұмыс уақытын тіркеу деректерінің дұрыстығын тұрақты түрде тексерді, енгізілген мәліметтер үшін жауапты тұлғалардың жауапкершілігін арттыруды және табельдік есеп жүргізу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Қол қою парағы

 

Тұрақты

 

Дата публикации
30 сентября 2026