Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Жекешелендіру және мүлікті жалға беру бөлімі қызметкерлерінің өзге заңды тұлғалармен және басқа да мүдделі тараптармен тікелей байланыс орнату ықтималдығы жоғары болғандықтан, бұл жағдай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының туындау тәуекелін арттыруы мүмкін. Атап айтқанда, жекешелендіру объектілерін қабылдау-өткізу актілерінің қағаз тасығыштарда рәсімделуі бөлім қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалармен тікелей байланысына себеп болады.

Қабылдау өткізу рәсімін жеңілдету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында коммуналдық мүліктерді жекешелендіруге қабылдау-өткізу  актілерін рәсімдеу және қол қою процесін цифрлық қолтаңбалы қолдану арқылы мемлекеттік тізілімнің www.e-qazyna.kz веб-порталында автоматтандыру.

ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау

ҚР Қаржы министрлігіне ұсыныс жолдау

Тамыз

 

Дата публикации
30 сентября 2026