Кәсіпкерлік және сауда басқармасы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

1

Жанар-жағармай материалдарын тасымалдауды мониторингтеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қызметтік пайдалануға арналған, шектеулі таратылатын ақпаратты нарықтың жекеленген қатысушыларына заңсыз беру мүмкіндігі, жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы тасымалдаушыларды заңсыз хабардар ету тәуекелі бар.

Мұндай ақпаратты алу жосықсыз тасымалдаушыларға тексеруге алдын ала дайындалуға, заңсыз қызметін уақытша тоқтатуға немесе құқық бұзушылықтардың анықталуын болдырмау мақсатында тасымалдау бағыттарын өзгертуге мүмкіндік береді.

1. Тасымалдаушыларға бақылау іс-шараларын өткізу күні, уақыты және орны туралы ақпарат беру;

2. Патрульдеу бағыттары, бақылау нүктелері және тексеру алгоритмдері туралы ақпарат ұсыну;

3.  Тасымалдаушыларға Жанар-жағармай материалдарына арналған құжаттың болмауын, отын көлемдерінің сәйкессіздігін немесе мұнай өнімдерінің шығу тегін жасыруға жәрдемдесу;

4. Нақты тасымалдаушылардың немесе Жанар-жағармай материалдарын жеткізушілерінің мүдделерін қорғау үшін қызметтік жағдайын пайдалану.

Жанар жағармай тапшылығының алдын-алу, жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы тасымалдаушыларды заңсыз хабардар етуді болдырмау мақсатында:
-  жоспарланған бақылау іс-шаралары туралы ақпаратқа қол жеткізу алатын тұлғалар шеңберін шектеу;

- қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті электрондық түрде есепке алуды жүргізу;

- мүдделі тұлғалардың қатысуынсыз бақылау маршруттары мен объектілерін автоматтандырылған түрде қалыптастыру;

- бақылау функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді ротациялау.

Мониторинг

 

Қазан

Тұрақты

2

Жанар жағармай құю бекеттерінен  келіп түсетін мәліметтердің (мұнай өнімдерінің қорлары және бағалары бойынша) толық әрі нақты болмауы. Мұнай өнімдерінің тапшылығының алдын алу және шетелге заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатында нақты мәліметтер болуы керек.

Жанар жағармай құю бекеттерінен  келіп түсетін мәліметтердің (мұнай өнімдерінің қорлары және бағалары бойынша) толық әрі нақты болмауы, мұнай өнімдерінің тапшылығының алдын алу және шетелге заңсыз тасымалдауды болдырмау мақсатында: тұрақты түрде арнайы  мемлкеттік органдармен бірлесе рейдтік іс-шара жүргізу; нақты және өзекті ақпаратқа қол жеткізу мақсатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на (АО «НИТ») Smart Data Ukimet платформасына рұқсат беру құқығын алу.

Мониторинг

Сұраныс хат

 

Қазан

Тұрақты

 

Дата публикации
30 сентября 2026