Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі     ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

1.

 

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.2025 жылы 17 желтоқсан №414 ж/қ бұйрығына сәйкес, «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 256 қызметкерлерге сыйлық ақы берілген. Жалпы қаржысы 19 300,0 мың теңге құрайды. Бұйрықтың қосымшасында 289 қызметкерге мереке күніне орай сыйлық ақы төленген, алайда 18 қызметкерге жоғары көлемде төленген.-2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 1 297 795,0 мың теңге қаралған және игерілуі 1 297 794,5 мың теңге, орындалуы 100% құрайды. Орталық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысындағы бастапқы бекітілген жобалық сметалық құжаттамаларға (ЖСҚ) жұмыс жүргізілу кезіндегі енгізілген өзгерістер, алып тасталған жұмыстар мен орнына алмастырылған жұмыстардың хаттамалары мен сметаларында өзгеріс жасалған уақыттың көрсетілмегендігі және техникалық бақылаушы «Технологиялық көмек құрылыс» ЖШС-ның енгізілген өзгерістерге жасалған техникалық хаттамасында инженер эксперты мен басшысының қолы, мөрі қойылмағандығы анықталды.

«№1 Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күрделі жөндеу барысында жобалық-сметалық құжаттамаға енгізілген өзгерістердің тиісті түрде рәсімделмеуін жою, техникалық қадағалау құжаттарын толық сәйкестендіру және сыйлықақы төлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды жою

Орындалуы туралы ақпарат.

Қызметтік тексеру қорытындысы.

 

Тамыз

2026жыл

2.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.2025 жылы Мемлекеттік сатып алу жоспарындағы Бір көзден алу тәсілі ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңның талабына сәйкес емес қабылданған бұйрықпен 17 қызметтер мен тауарларды сатып алу -23 179,7 мың теңгеге жұмыстары жүргізілген.2025 жылы Негізгі құнды заттарды түгендеу жұмыстары бойынша, теңгерімдегі негізгі құралдарды түгелдеу барысында заттардың толық еместігі анықталды. Оның ішінде; Құны 935 мың теңгені құрайтын инв-236009000160 «Камера холодильная» негізгі құралы жоқ екендігі анықталды. Бұдан бөлек құны238,0 мың теңге құрайтын инв-236008000002 «Аппаратный магнитотерапевтический» негізгі құралы жоқ екендігі анықталды.2026 жылға Орталықтың бекітілген тарификация тізіміне сәйкес, есептелуі қажет қызметкерлердің еңбекақы төлемдері мен үстемақы есептемелері, есеп айырысу ведомосымен салыстырғанда келесідей бұзушылықтар анықталды. Қаңтар, ақпан, наурыз айларындағы тарификация бойынша 84 053,4 мың теңгені құраса, есеп айырысу ведомосында 96 984,1 мың теңге есептеліп, 95 730,9 мың теңге аударылған, айырмасы 12 930,7 мың теңге.

«№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де негізгі құралдарды түгендеу барысында анықталған жетіспейтін мүліктер бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, есепті заң талаптарына сәйкестендірумен бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілін заң талаптарына сәйкес қолдану және еңбек ақы есептеу барысындағы анықталған кемшіліктерді жою

Түгендеу актісі, қызметтік тексеру қорытындысы. Қызметтік талдау.

 

Тамыз

2026жыл

3.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.-2024 жылы «2025 жылдың Мемлекеттік сатып алу жоспары» бекітілген, жыл соңына дейін 13 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 2025 жылы «2026 жылдың Мемлекеттік сатып алу жоспары» бекітілген. 2026 жылдың I тоқсан қорытындысымен 2 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 2025 жылғы 2026 жылдың I тоқсанындағы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қабылданған бұйрықтардың қосымшалары тіркелмеген.-Орталықтың 2025 жылға қызмет алушыларының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының пайдаланылуы, қолма-қол ақшаны бақылау шотының есебі бойынша (КСН), өткен жылғы қалдық 219 583 956,16 теңге құрайды және 2025 жылға 77 647 431 теңге кіріс болған. Стационарлық үлгідегі ұйымдар үшін мүгедектігі бар азаматтарға ұсынылатын киімдерді, аяқкиім, төсек жабдықтары және т.б. сатып алу бойынша, аяқ киімдер-13 232,9 мың теңге, жиһаз алу -21 855,7 мың теңге, медициналық жайлық-603,3 мың теңге, төсек орын алу - 6 202,47 мың теңге, киімдерді алу-34 605,49 мың теңге, жалпы құны 76 499,9 мың теңгеге қызмет алушылардың қажетті заттарын алуға мемлекеттік сатып алу порталының мекеме жоспарына енгізіліп, сатып алу жұмыстары жүргізілген. Мониторинг барысында жоспарланған 21 855,68 мың теңге жиһаздары сатып алу кезінде көрсетілген техникалық сипаттамаға сәйкес емес 16 стол жиһаздардың қабылданғандығы анықталды. (16 стол құны 770,5 мың теңге құрайды.)-2025 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 666 340,0 мың теңге қаралған және игерілуі 666 339,0 мың теңге, орындалуы 100% құрайды. Орталықтың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысындағы бастапқы бекітілген жобалық сметалық құжаттамаларға (ЖСҚ) жұмыс жүргізілу кезіндегі енгізілген өзгерістер, алып тасталған жұмыстар мен орнына алмастырылған жұмыстардың хаттамалары мен сметаларында өзгеріс жасалған уақыттың көрсетілмегендігі анықталды. Өзгертілген сметалық құжаттамалардағы жоба авторының орындаушысының қолы, мөрі қойылмағандығы анықталды. Мемлекеттік сараптама бойынша бекітілген ЖСҚ-дағы құны 63 175,6 мың теңгенің негізгі құрылыстарына өзгерту енгізу кезінде 26 026,4 мың теңгесі шегеріліп, басқа жұмыстарды жасауға ауыстырылған. Қалған құны 37 149,1 мың теңге негізгі құрылыстар мен өзге де заттардың түгендеу барысында қабылдау-өткізу жұмыстарының акті рәсімделмегені анықталды.

-2026 жылдың 16 наурыз күнінен бастап Орталықтың есебіндегі лифт жүйесі істен шыққан, жұмыс істемейтін лифтер лауазымындағы қызметкер міндетті жұмысын атқармаса да, еңбек ақы төлемдері жүргізілген.-№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі тарапынан ескірген, тозығы жеткен негізгі құнды заттарды мекеменің теңгерімдік есебінен шығаруға мекеме директорымен 2025 жылғы 1 қыркүйекте бекітілген «АҚАУЛЫ АКТІ»-де сәйкессіздіктер анықталуына байланысты мекемеге аталған кемшілікті түзетуге және ары қарай теңгерімнен шығаруға дайындық жұмыстарын атқару үшін 30 күнтізбелік күн (1 ай) мерзімі белгіленді.-№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-мен «Gold-ART» ЖШС арасында 2025 жылғы 5 қарашада №000440003375/250071/00 Қолма-қол ақшаны бақылау шоты есебінен Шкаф – 120 дана, жатын орын – 40 дана, тумба – 160 дана, үстел – 60 дана, стол – 40 дана құнды заттар қызмет алушылар құндылықті пайдалану мақсатында тауарларды мемлекеттік сатып алу жөнінде келісімшарт түзіліп алынған. (Алайда оның ішінде: Стол-24 дана, Шкаф – 38 дана, Тумба – 24 дана, мекеменің әкімшілік қызметкерлерінің қолданысында болғаны анықталды).

«№3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де мемлекеттік сатып алу барысында техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін жиһаздарды қабылдау фактілері бойынша заң талаптарын сақтаумен техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарларды қабылдау фактілерін болдырмау, нақты атқарылмаған жұмыс үшін еңбекақы төлеу фактілерін болдырмау және қызмет алушыларға арналған мүлікті мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету

Қызметтік тексеру.

Тексеру актісі.

 

Тамыз

2026жыл

4.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Ораңғай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.-Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаевтың №21 хаттамалық тапсырмасына 2-тармағының 2.1 тармақшасына сәйкес, «№4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» Ораңғай ауылындағы 50 орындық мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына көшіп қамтамасыз ету тапсырылған. Осыған орай, Орталық мамыр айынан бастап Сауран ауданына көшу жұмыстары жүргізілген. Тасарық ауылында орналасқан ғимаратқа ТОО «Мади Бек» мердігерімен баға ұсыныстарын сұрау тәсілі арқылы бейне бақылау камераларын орнату және оны ұстау қызметіне 2025 жылы 26 наурыз №000440003315/250027/00 келісім шарт түзілген, жалпы қаржысы 797,0 мың теңге құрайды. Жоғарыдағы түзілген екі жақты келісімді тоқтату жұмыстары жүргізілмеген және бейне бақылау құрылғысы қазіргі таңда мекемеде жоқ екендігі анықталды.-2025 жылы 8 тамыздағы №77-ө бұйрығына сәйкес, «30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы» күні мерекесіне орай 7 қызметкерлерге сыйлық ақы берілген. Жалпы қаржысы 6 349,0 мың теңге. Бұйрықтың қосымшасында 7 қызметкерге бөлінген, қосымшада қаржысы көрсетілмеген. Мереке күніне орай берілетін сыйлық ақы жалпы қызметкерлерге қарағанда 7 қызметкерге негізсіз жоғары төленгендігі анықталды. -Орталықтың жанар-жағар май материалдарын сатып алу бойынша, 2025 жылы 18 ақпан №000440003315/250023/00 және 21 қараша №000440003315/250049/00 келісім шартымен жалпы 4 518,7 мың теңгеге сатып алған. Алайда, 2025 жылға жол жүрген құжаттарының жұмсалуы, кассалық шығыстары бойынша есептемелерінің жоқ екендігі анықталды.-Мүлікті түгендеу тексеру барысында негізгі құнды заттардың «компьютер broteko 2020» инвентар-236006000077, инвентар-236006000075 жою актісіне енгізілген, алайда қазіргі таңда негізгі құрал қолданыста жұмыс жасайтындығы анықталды. Мекеменің негізгі құралдар тізіміндегі 2 дана ACER және 1 дана ASUS маркалы (тізімдегі инвентарлық нөмерлері құралдарда көрсетілмеген) ноутбук құралдары жоқ екені анықталды.-2026 жылдың 142-ерекшелік бойынша дәрі-дәрмекке қаралған қаржы 3484,0 мың теңгені құраса, мемлекеттік сатып алу порталының жоспарына енгізілген қаржының көлемі салыстырмалы түрде алғанда 3506,0 мың теңге құрайды. Мемлекеттік сатып алу порталындағы жоспарына бағаларының айырмасы 22,3 мың теңге артық енгізілгендігі анықталды.-Бұдан бөлек, «Трактор ЮМЗ-6» инвентар-235006000007 және «Прицеп для трактора» инвентар-23830500128 орталықта жоқ екендігі анықталды.

«№4 Орынағай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою, мүліктің нақты есебін қамтамасыз етумен жанар-жағар май шығыстары бойынша бастапқы есеп құжаттарын толық рәсімдеу және мекемеде жоқ негізгі құралдар бойынша қызметтік тексеру жүргізу

Түгендеу актісі, қызметтік тексеру қорытындысы, бухгалтерлік есепке енгізілген өзгерістер.

Жол парақтары.

 

Тамыз

2026жыл

5.

 

 

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№5 Отырар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.

Кадрлық іс номенклатурасы бекітілмеген.-Жеке және өндірістік бұйрықтарды тіркеу журналы рәсімделмеген. Барлығы бір журналға рәсімделген.-Жалпы 2025 жылға қаржыландыру жоспары 9 193,0 мың теңге. Жыл қорытындысымен 4 бірлік негізгі қызметкерге еңбек ақы төленген және дебиторлық, кредиторлық есептемесі мен құжат айналымы жасалынбаған. Орталықтың 2025 жылға штаттық бірлігі және тарификация тізімі бекітілмеген.-Бюджетті қаржыландыру бойынша, 2025 жылдың Бюджеттік өтінім ұсыну қарау қағидаларына бекітілген қосымшаларға сәйкес жасалынбаған. Бюджеттік өтінімдердің қосымшаларындағы қажетті (прайс, техникалық сипаттамалары тіркілмеген т.б) құжаттары тіркелмеген. Бұдан бөлек бухгалтерлік іс-құжаттардың уақыты рәсімделмеуі, мемориальның ордерлердің проводкалары мерзімінде орындалмаған.-2025 жылы 1 шілде және желтоқсан ай аралығындағы еңбекақы төлемдерін жүргізу үшін табель бекітілмеген.-2026 жылға қаржыландыру жоспары 648 132,0 мың теңге қаралған. Орталықтың 138,5 штаттық бірлікті құрайды және тарификация тізімін бекітпеген.-2026 жылдың мемлекеттік сатып алу жоспары а.ж.16 қаңтар №15 бұйрықпен бекітілген, 11 күнге кешіктірілген. Ағымдағы жылдың I тоқсан қорытындысымен 3 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелмеген.-Мүлікті түгендеу барысында «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сінен негізгі құралдарды қабылдап алуға Қабылдау-өткізу актісінің құжаттары ұсынылмады. Соның салдарынан мүлікті түгендеу мүмкіндігі болмады.

-2026 жылдың 28 ақпандағы бюджетті нақтылау кезіндегі 414-ерекшеліктен машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алуға қосымша қаржы қаралған, алайда бюджеттік өтінім құжат айналымының жоқ екендігі анықталды.-2026 жылға тарификациялық құрылымы бекітілмегендіктен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге 1 айға көрсетілген жалпы қаржысын көру мүмкіндігі болмады. Сонымен қатар, қызметкерлердің жұмысқа қабылдау құжаттарының толық болмауы (еңбек шарттары түзілмеген, қызметкерлерді бұйрықтарымен таныстырылмаған іс-қағаздары толтырылмаған т.с.с) 1 тоқсан қорытындысымен дебиторлық және кредиторлық берешек болған, бірақ есептемесі жоқ екендігі анықталды.-Бұдан бөлек, 2026 жылдың 16 ақпан №55 бұйрығымен, санитар лауазымына Н.Оспановы жұмысқа қабылдаған. Негізгі қызметкер Оспановтың жеке іс-қағаздардарының толық толтырылмағандығы, наркологиялық есепте тұрғандығы анықталды-2026 жылдың 142-ерекшелік бойынша дәрі-дәрмекке қаралған қаржы 18 111,0 мың теңге құраса, 1 тоқсанның қорытындысымен 3 136,0 мың теңге игерілген. Айырмасы 14 975,0 мың теңгеге, мемлекеттік сатып алу жоспары арқылы жұмыс жасалынбаған.-Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы терезелерге темір тор қою қызметі бойынша 2026 жылдың 28 сәуірде 13 999,4 мың теңгеге №250740004830/260034/00 келісім шарты түзілген, мониторинг кезінде (12.05.2026 жылы) орындалмаған жұмысқа (орталықтың терезелерінде темір тордың орнатылмаған), сәуір айында алдын-ала 13 999,4 мың теңге төлемі жүргізілген.

«№5 Отырар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де кадрлық іс жүргізу құжаттарын (іс номенклатурасы, тіркеу журналдары, тарификация) заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, штаттық кесте мен тарификацияны бекіту және еңбекақы төлеу табельдерін уақытылы бекітуді қамтамасыз ету, қызметкерлердің жеке істерін және еңбек қатынастарына қатысты құжаттарды толық рәсімдеу

Бекітілген құжаттар, Рәсімделген жеке істер.

 

Тамыз

2026жыл

6.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.-Мекеме бекітілген жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 1-тарау 1 тармағына сәйкес жарғылай стационарлық үлгідегі ұйым болып құрылған. Жарғының 3-тарау 11 тармағына және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығының (бұдан әрі - Бұйрық) 3-тарау 20 тармағына сәйкес мекеме басқа елді мекендерден келген қызмет алушыларға жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша түнде болуына жағдай жасауға құқылы. Алайда, 2025 жылдың қорытындысымен мекеменің орналасқан, басқа елді мекендер қатарына жатпайтын Сауран ауданы Ораңғай елді мекенінен келген 6 қызмет алушыларға жарғының 3-тарау 11 тармағына және бұйрықтың 3-тарау 20 тармағына сәйкес келмейтін түнде болуына жағдай жасаған.-Жыл қорытындысымен дебиторлық және кредиторлық берешек болмағандығы көрсетілген, алайда есептеу ведомосында қаржылық есептілік 407,7 мың теңге кредитор деп кесетілген. Жалпы 2025 жылдың ұсынған дебиторлық және кредиторлық есебінің дұрыс еместігі анықталды.

-Бюджетті қаржыландыру бойынша, 2025 жылы және 2026 жылы 1 тоқсанында бас есепші лауазымындағы Г. Айдарбекова бюджеттік өтінім ұсыну, қарау қағидаларына бекітілген қосымшаларға сәйкес жұмыс жасалынбағаны, бюджеттік өтінімдердің қосымшаларындағы қажетті (прайс, техникалық сипаттамалары тіркелмеген т.б) құжаттарының толық еместігі анықталды. Бұдан бөлек, қызметіндегі бухгалтерлік іс-құжаттардың уақыты рәсімделмеуі, мемориальный ордерлердің проводкалары мерзімінде орындалмауы анықталды. Қазіргі таңда, 2026 жылы 6 сәуір №96-ж/қ бұйрығымен Г.Айдарбекова мемлекеттік сатып алу менеджері лауазымында 0,5 бірлікте қашықтықта жұмыс жүргізу тағайындалған. Бұйрықтың күші 2025 жылдың 05 қаңтары деп көрсетілген және бұйрықтың қосымшасындағы шартқа екі жақты қол қоймаған. (жауапты маман түсінігі)-Мемлекеттік сатып алу жоспары 2024 жылдың 24 желтоқсанында №101-н/қ бұйрықпен бекітілген, жыл соңына дейін 20 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелген, алайда мазмұны ашық көрсетілмеген. Мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс енгізу туралы 2025 жылғы 12 желтоқсанындағы №98-н/қ бұйрығы 3 рет 3 түрлі мәтінмен, бірақ бір нөмермен шығарылған. (жауапты маман түсінігі)-1 С Ақпараттық жүйесін қалыпқа келтіру жұмыстары ТОО «АзияСервис» мердігерімен жүргізу қажет, белгілі бір кезеңдегі барлық шоттар бойынша дебет және кредит бойынша қаражаттардың қозғалысы мен қалдықтарын (сальдосын) көрсететін негізгі бухгалтерлік есептерін қата болуынан айлық есептердің дұрыс еместігі анықталды.-2026 жылға қаржыландыру жоспары 894 489,0 мың теңге қаралған. 1 тоқсан қорытындысымен 151- коммуналдық шығындарты өтеуге дебиторлық берешек болған. Орталықтың 186,5 штаттық бірлікті құрайды және тарификация тізімін орталықтың директоры Г.Сауртаевмен бекітілген. Бекітілген тарификациялық тізімдегі есептелген қаржының көлемі бекітілген штаттық құрылымдағы қаржысымен сәйкес емес.2026 жылдың 1 тоқсан бойынша барлық шоттар бойынша дебет және кредит бойынша қаражаттардың қозғалысы мен қалдықтарын (сальдосын) көрсететін негізгі бухгалтерлік есептері қата жүргізілген.-2025 жылы №86-н/қ бұйрығымен мүліктерді түгендеу үшін комиссия құрылған. Түгелденген мүліктердің инвентарлық нөмерлері қойылмаған және түгендеу жұмысы дұрыс жүргізілмеген.-2026 жылдың мемлекеттік сатып алу жоспарын бекіту туралы 2026 жылдың 8 қаңтар №1-н/қ бұйрықпен жылдық жоспар бекітілген. Яғни, заң талаптары сақтамаған (2 жұмыс күнге кешіктіліп бекітілген). Ағымдағы жылдың I тоқсан қорытындысымен 8 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелген, алайда мазмұны ашық көрсетілмеген.

«№6 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де бюджеттік өтінімдер мен бухгалтерлік құжаттардың толық әрі уақытылы рәсімделуін қамтамасыз етумен мемориалдық ордерлерді заң талаптарына сәйкес рәсімдеу және мемлекеттік сатып алу құжаттарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу

Бекітілген құжаттар, Рәсімделген ордерлер.

Қызметтік талдау.

 

Тамыз

2026жыл

7.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ардагерлер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізілген мониторингі бойынша.

-2025 жылдың 08 желтоқсанында № 08-06255-Ж бұйрығымен емдеу бөлімінің аға мейірбекесі А.Усиноваға тәртіптік жаза қолдану туралы «Ескерту» түріндегі шара қабылданған. 10 күнге толмай, мезгілі бөлек 15 желтоқсан 2025 жылы, осы нөмердегі № 06-08/255-ж, бұйрығымен тәртіптік жазаны алу туралы бұйрық қабылданған. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу талаптарын сақтамай бұйрық қабылданған.-2024-2025 жылы кезекте еңбек демалысына шаруашылық бөлімінің тазалықшысы Н.Есимоваға бұйрықсыз, бас есепші А.Алиева негізсіз қаржы аударған.-2025 жылдың 09 желтоқсанында үнемделген бюджет қаржы есебінен сыйақы төлеу хаттамасы мен бекітілген қызметкерлердің тізімі, басқармаға келісім алуға ұсынылған тізіммен сәйкес емес тізімде төлемдер жасаған.-Мемлекеттік сатып алу жоспары 2024 жылдың 20 желтоқсанында №06-04/63 -Ө бұйрығымен бекітілген, осы жоспарға 2025 жылы қаңтар айында 3 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Жыл соңына дейін 16 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелмеген. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2024 жылы 9 қазандағы №687 бұйрығының 1-қосымшасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы 2-тарау мемлекеттік сатып алуды жоспарлауы, 17 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жоспарына айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы – делінген, алайда мекеме 2025 жылдың қаңтар айында 3 рет өзгеріс енгізу туралы бұйрық қабылдаған.Мемлекеттік сатып алу жоспарына 2026 жылдың I тоқсанында 5 рет өзгерістер енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың қосымшасы тіркелмеген.-2026 жылы 19 ақпандағы № 000140002650/260009/00 келісім шартымен «Сальбутамол» дәрі-дәрмегі сатып алынған, алайда оның 15 дана дәрі-дәрмегі кем болып, мониторинг кезінде қалпына келтірілді.

«Арадагерлер үйі» КММ-де мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу кезінде заң талаптарын сақтау және барлық қосымша құжаттарды тіркеу

Бекітілген құжаттар.

 

Тамыз

2026жыл

8.

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.

-2025 жылы 17 желтоқсан №156 бұйрығына сәйкес, «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 89 қызметкерлерге сыйлық ақы берілген. Жалпы қаржысы 3080,0 мың теңге. Бұйрықтың қосымшасында 89 қызметкерге мереке күніне орай берілетін сыйлық ақы жалпы қызметкерлердің арасында 6 қызметкерге көп мөлшерде сыйақы төленген, алайда негіздері жоқ. Бұдан бөлек, осы жылы 18 желтоқсан №159 бұйрықпен «16-желтоқсан Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай 3 қызметкерге жалпы 333,2 мың теңге қаржы сыйлықақы тағы жоғары көлемде төленген.Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу бойынша 9.12.2025ж №149 негізгі бұйрығы шығарылған, бірақ тіркеу журналына енгізілмеген (түсініктеме).-2025 жылы 10 желтоқсандағы «Материалдық көмек беру» туралы №151 бұйрығына сәйкес, Кентау қаласының экологиялық аймаққа енуіне байланысты мекеме қызметкерлеріне бір айлық жалақы көлеміндегі материалдық көмек 90 қызметкерге төленген, алайда 2025 жылдың шілде айна дейін еңбек демалысына шыққан 4 қызметкерге де төлем жасалған. («ҚР Арал өңіріндегі экологиялық қасірет саларыннан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына енгізілген өзгеріс, 2025 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енген).-Мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылдың 5 қаңтар №1 бұйрықпен бекітілген, жыл соңына дейін 21 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелген. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі 2024 жылы 9 қазандағы №687 бұйрығының 1-қосымшасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы 2-тарау мемлекеттік сатып алуды жоспарлауы, 17 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жоспарына айына екі реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы. Алайда мекеме 2025 жылдың сәуір айында 3 рет өзгеріс енгізу туралы бұйрық бекітілген.-2025 жылдың 05 қыркүйегінде мекеме басшысының «Штаттан тыс стоматолог кәсіптемін қабылдау» туралы № 235 бұйрығымен Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Өркені» медициналық орталығының стоматолог-дәрігері З.Б.Хайруллаеваны және 10.09.2025ж №242-ж/қ бұйрығымен Ж.Ж.Нұршаханбетованы мейірбике қызметіне жұмысқа қабылдан, жалпы 1985,2 мың теңге көлемінде үнемделген қаржы есебінен еңбекақы төленген.-Бюджетті қаржыландыру бойынша, 2025 жылғы Бюджеттік өтінім ұсыну қарау қағидаларына бекітілген қосымшаларға сәйкес жасалынбаған. Бюджеттік өтінімдердің қосымшаларындағы мекеменің директорының қолы жоқ екендігі анықталды. Бұдан бөлек бухгалтерлік есептемелердің орындалу, ведомость құжат айналымын көру үшін 1 С АзияСервис базасын жүктемесін ұсынбады.

«Арнаулы кәсіптік колледжі» КММ-де сыйлықақы төлеу кезінде негіздемені және төлем мөлшерін заң талаптарына сәйкестендірумен кадрлық және бухгалтерлік құжаттарды заң талаптарына сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету

Бұйрық, қызметтік тексеру қорытындысы. Бекітілген құжаттар.

 

Тамыз

2026жыл

9.

Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.

-2025 жылы Орталықтың 44,75 штаттық бірлігі бекітілген және тарификация тізімін орталықтың директоры Е.Суттинебетов бекітілген, тарификация тізімі дұрыс есептелмегендігі немесе 1С ақпараттық бағдарламасындағы қызметкерлерге бекітілген тарифтер дұрыс енгізілмеген. (бас есепші түсінігі)Алайда, қызметкерлердің еңбекақы аударымдарынан артық аударымдарынан 2025 жылдың 1 жарты жылдық қорытындысымен 218,8 мың теңге артық аударылған, бұл кредиторлық есептікте көрсетілмеген.2025 жылғы 1 тамыз күні «Уақытша жұмыс жүктеу туралы» , әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Джумабаева Айнур Жолаевна (мекемет мамандар инспекциясы және хатшысы Н.Байтенова кезекті еңбек демалысында болуына байланысты) инспектор хатшы қызметін қоса атқарғаны үшін, өзінің тарифтік ставкасынан 60 пайызын жүктелген бұйрығының қателігі анықталып, қызметші Джумабаева Айнур Жолаевнаға қосымша 93 015 теңге қаржысы аударылған.Мемлекеттік сатып алу жоспары 2024 жылдың 31 желтоқсанында №145 бұйрықпен бекітілген, осы жоспарға 2025 жылы қаңтар айында 3 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген. Жыл соңына дейін 12 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтарды сатып алу туралы заң талаптарын сақтамай қабылдаған.2026 жылға жоспар бойынша 203 997,0 мың теңге қаралған. Есептік кезең 1 тоқсан қорытындысы бойынша Дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ деп көрсетілген, алайда есеп айырысу ведомосымен салыстырғанда 29 026,1 мың теңге артық аударылған.2026 жылға Орталықтың 41,5 штаттық бірлігі және тарификация тізімін орталықтың директоры Е.Суттинебетов бекітпегендігі анықталды.-Орталықтың азық-түлік сатып алу бойынша 2026 жылы 7 757,0 мың теңге қаралған. Ағымдағы жылдың 23 ақпанында №140140026550/260003/00 және 18 ақпан №140140026550/260002/00, жалпы құны 6 214,1 мың теңгеге келісім шарты түзіліп, айырмасы 1 543,0 мың теңге қаржы үнемделген. Қойма мен азық-түліктің сапасын анықтау барысында, картоп өнімі сапасы талапқа сай еместігі анықталды.-Жалпы 1 тоқсан қорытындысымен, орталықтың міндетті зейнетақы жарналынан- 3 879,2 мың теңге, міндетті зейнетақы жарналарының жұмыс беруші төлейтін бөлігіне төлеу- 876,3 мың теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар (қызметкерден ұсталады) төлеуден - 991,1 мың теңге, әлеуметтік аударымдарынан- 1 485,9 мың теңге, табыс салығы - 4503,9 мың теңге, әлеуметтік салық- 4 844,4 мың теңге 1С ақпараттық жүйесінде артық аударылғанды анықталды, жалпы құны 16 580,8 теңге.-2026 жылдың мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылдың 31 желтоқсанында №193 бұйрығымен бекітілген, осы жоспарға 2026 жылы 1 тоқсанның қорытындысымен 6 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтарды сатып алу туралы заң талаптарын сақтамай қабылдаған.-Негізгі құралдарын түгендеу бойынша 7 инвентарлы жабдықтар анықталмады.-Мониторинг барысында 03..12.2020 жылы инвентарлы нөмірі 237004000004 «Стол офисный 2020г 25 шт.», инвентарлы нөмірлері және атауы: «238305000008 Стол тактильная», «238305000009 Стол тактильная 2025», «238305000010 Тактильно-развивающая», «238305000011 Тактильно-сенсорная», «238305000013 Настенныймодул собъёмнымителами» мекеме аумағында анықталмады. Шаруашылық меңгерушісімен түсіндірме алынып, көрсетілген бірінші инвентар, аталған қызметкер жұмысқа орналасқан кезеңінде мүлдем болмағаны, қалған көрсетілген инвентарларды қабылдау актісіне қол қоймағандығын және актіні көрмегенін жазбаша түрінде баяндады.-Бұл ретте, 235003000002 инвентарлы нөмірлі мекемеге 2021 жылдың 20 сәуірінде қабылданған «Hyundai H1» маркалы автокөлік орталықта құрылыс жұмыстар жүргізілуіне байланысты мекеменің қарауылшының жеке тұрғын үйінен анықталды.

«Сайрам мүгедек балаларды оңалту орталығы» КММ-де қызметкерлердің еңбекақысын есептеу және 1С жүйесіндегі тарифтерді заң талаптарына сәйкестендіру және қызметкерлердің еңбекақысын есептеу кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою және еңбек ақыны заңнама талаптарына сәйкес есептеуді қамтамасыз ету

Түзетілген есеп.

 

Тамыз

2026жыл

10.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.-Істер номенклатурасы орталықтың құжаттарды сақтау және жүйелеу тәртібін жүзеге асырылатын құжат болғандықтан мемлекеттік мұрағатпен келісе отырып жасалатын құжат уақытылы өзгертілмеген. Соңғы іс номенклатурасы 2020 жылдың желтоқсанында келісіліп бекітілген. (жауапты маман түсінігі).-Орталықта 69,5 штаттық бірлігі құрайды, тарификация тізімі бекітілмеген және 2025 жылды бюджеттік өтінімде тіркелмегендігі анықталды.-Мемлекеттік сатып алу жоспары 2024 жылдың 4 желтоқсанында №24 бұйрықпен бекітілген. Жыл соңына дейін 23 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ақпан айында сатып алу жоспарына қабылданған бұйрықтарда келісіп болған, бірақ сатып алу порталының жоспары 2 реттен артық өзгертілмеген. Бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсіліне қабылданған бұйрықта ҚР Мемлекеттік сатып алу заңының 5-бабының талаптары сақталмаған.-2026 жылға қаржыландыру жоспары 329 010,0 мың теңге және 67 штаттық бірлігі құрайды және тарификация тізімін орталықтың директоры Б.Серикбаевпен бекітілмеген.-Штаттық құрылымдағы бекітілген еңбекақы төлеуге 1 айға көрсетілген жалпы қаржы 17 495,3 мың теңге, қаңтар айындағы есептелген еңбекақы көлемі 16 492,3 мың теңге құрайды. Айырымы 1 003,0 мың теңге үнемделген. Алайда 473,6 мың теңгесі артық төлем жасалған.-Ақпан айындағы есептелген еңбекақы көлемі 16 243,8 мың теңге құрайды, айырмасы 1251,5 мың теңге үнемделген. Алайда қаңтар-ақпан айларындағы артық аударылған қаржының жалпы көлемі 1432,7 мың теңгеге артық төлем жасалған.-Наурыз айындағы есептелген еңбекақы көлемі 17 593,2 мың теңге құрайды. Жалпы 2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен, еңбекақы төлемдерінің есептеу ведомостында 1079,4 мың теңге артық төленген.

«Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де істер номенклатурасын заң талаптарына сәйкес әзірлеп, мемлекеттік мұрағатпен келісуды қамтамасыз ету

Бекітілген іс номенклатурасы.

 

Тамыз

2026жыл

11.

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Қамқорлық менталды бұзушылықтар мен мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүргізілген мониторингі бойынша.-2025 жылы 8 желтоқсан 207 ж/қ бұйрығымен орталықтың бас есепшісі К.Исаеваға материалдық көмек беру бұйрығы қабылданған. Алайда бұйрықтағы көрсетілген заңдылықтар көмек беруге сәйкес емес қабылданған, К.Исаеваның өтініші қарау тәртібінің мерзімі бұзылған.-Мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылдың 8 қаңтар №01 н/б жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелмеген.-2026 жылы 13 ақпан №19 ж/қ бұйрығымен орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Г.Бакиеваға материалдық көмек беру бұйрығы қабылданған. Алайда бұйрықтағы көрсетілген заңдылықтар көмек беруге сәйкес емес қабылданған.

-2026 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары 2025 жылдың 25 желтоқсанында №40 н/б бұйрықпен бекітілген, жыл соңына дейін 7 рет мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Енгізілген өзгерістерге қабылданған бұйрықтардың шешімдері мен қосымшалары тіркелмеген.

«Қамқорлық менталды бұзушылықтарымен мүгедектігі бар балаларға арналған әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру

Бұйрықтар, бекітілген құжаттар.

 

Тамыз

2026жыл

 

Дата публикации
30 сентября 2026