СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ
|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымды басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Орындалған жұмыстар актісін мердігер тарапынан ұсынылатын растаушы, атқарушы құжаттарды (форма №1,№2,№3) кей жағдайларда (зертханалық қорытындылар, жасырын жұмыстар актісі, сызба, өлшем ведомості, фотосуреттер, сертификатар) қолма қол негізде ұсынып келеді. Бұл бағытта, құжаттарды қарау мерзімдерін айқындайтын регламент, қағида немесе басқада нормативтік актілер бекітілмеген Аталған жағдай жұмыстарды өткізу және қабылдау мерзімдерінің бұзылуы, келісім шарт талаптарының сақталмауына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын туындатады. |
Орындалған жұмыстар актісін мердігер тарапынан ұсынылатын растаушы, атқарушы құжаттарды (форма №1,№2,№3) кей жағдайларда (зертханалық қорытындылар, жасырын жұмыстар актісі, сызба, өлшем ведомості, фотосуреттер, сертификатар) қолма қол негізде ұсынуда. Аталған мәселені шешу мақсатында төмендегідей ұсыныстар айтылды: 1) Барлық атқарушы құжаттамаларды «e-Qurylys» ақпараттық жүйесінде тек электрондық форматта қабылдау тәжірбиесін қатаң сақтау; 2) Ерекше жағдайларда құжаттар басқармаға қолма-қол ұсынылған жағдайда, жауапты мемлекеттік қызметкерлерден « сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу туралы» міндеттеме қағазын(қолхат) алу. Бұл шаралар құжат қабылдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, артық тәуекелдердің алдын алуға ықпал етеді және мемлекеттік қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттырады. |
Ұсыныс хат |
|
Қыркүйек |
|
2 |
Жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттарда тасымалдауға қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу автоматтандырылмаған. Яғни, аудан аралық, облыс аралық тұрақты бағыттарға конкурстар ұйымдастыруды Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, аудан ішілік (қала ішілік) тұрақты бағыттарға конкурс ұйымдастыруды сәйкесінше аудан, қала әкімдіктері заңға сәйкес қағаз жүзінде жүргізеді және бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелінің орын алуы мүмкіндігін тудырады. |
Тұрақты бағыттарға конкурс өткізуді автоматтандыру туралы хат жолдау. |
Ұсыныс хат |
|
Қыркүйек |